Сейсенбі, 28 Қараша 2023
Жаңалықтар 5900 0 пікір 27 Қазан, 2014 сағат 13:15

Жанар Дұғалова - «Turkvizyon-2014» жеңімпазы

     26 қазан күні Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында РФ Татарстан Республикасының астанасы Қазан қаласында 19 және 21 қарашада ұйымдастырылатын «Turkvizyon-2014» байқауына қатысу үшін қазақстандық әншілер арасында финалдық іріктеу сыны өтті. Байқау «Хабар» арнасынан тікелей эфирде көрсетіліп, көрермендер ұялы операторлар арқылы дауыс берді. Байқауда еліміздің жас әншілері бақ сынады. Олардың арасында Ақбикеш, «Алашұлы» тобы, «VoiceKz» тобы, Дастан Оразбеков және «ТТ» тобы, Ербол Шәріпов, Жанар Дұғалова, Мархаба Сабиева, Нұрболат Абдуллин, Нұржан Керменбаев,   Серік Ибрагимов, Sanda, «Алшы» тобы, «V-Alem» тобы, Абдулкарим Каримов, Бейбіт Кушкалиев, Диас Аблаев.    

Байқау соңында көрермендер дауысы және әділқазы алқасының қойған ұпайының  қорытындысы бойынша 30% көрсеткішпен  Жанар Дұғалова авторлық «Ізін көрем» әнімен жеңімпаз атанды. Енді ел намысын  әлемдік сахнада қорғайды. 

     Екінші орында Нұржан Керменбаев «Қазақтың баласы» әнімен, үшінші - Серік Ибрагимов «Жаяу» атты әнімен, төртінші   - «Алашұлы» тобы «Адамзатқа не керек» әнімен және бесінші Дастан Оразбеков «ТТ» тобымен бірге орындаған «Қазақпын мен» әнімен үздік бестікке кірді. 

      Қазылар алқасының құрамында композитор және продюсер Ренат Ғайсин, айтыскер Айнұр Тұрсынбаева, Астана қаласының мәдениет басқармасының басшысы Болат Мажағұлов, әнші Алтынай Жорабаева мен композитор Арман Дүйсенов болды.  

 

Торғын Әбушахман

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Абай мұрасы

Абай іліміндегі демократия негіздері

Досым Омаров 988
Ғибырат

Тараздың Құрметті азаматы

Нұрлан Мәлікұлы 1344
Жазылған жайдың жалғасы...

Көңілбайдың «Amanat-ы» ақ екен...

Ауыт Мұқибек 2230