Сенбі, 4 Мамыр 2024
Көршінің көлеңкесі 6296 0 пікір 6 Қараша, 2014 сағат 02:09

УКРАИНАДАҒЫ ОРЫС ӘСКЕРІ ТУРАЛЫ ШЫНДЫҚ

 

 

Ресей мен Украина арасындағы шындықты біле бермейміз. Өйткені, еститініміз ресейлік жаңалықтар ғана. Ал олардың айтуы бойынша, Ресей ешқандай соғысқа кірген жоқ. Донецк мен Луганскіде украиндар өздері мен өздері соғысып жатыр. Президент Путин де, Қорғаныс министрі Шойгу де ешқандай әскер енгізгеміз жоқ деді. Бірақ бұл мүлде өтірік.

 

 

Соның бәрін белгілі саясаткер Б.Немцов әшкерелеп берді (https://www.youtube.com/watch?v=fvS1DvoacBQ). Ол тіпті Ресейдің қандай әскерлері Украинаның аумағына басып кіргеніне дейін айтты. Олар:

1. 76-шы Псков әуе-десанттық дивизиясы;

2. 98-ші Кострома, Иванова және Ярославль облыстарында орналасқан әуе-десанттық дивизия;

3. Шешенстандағы 17 және 18-ші мотоатқыштар бригадасы;

4. Осетиядағы 19 осындай бригада;

5. Н-Новгородтағы 9-шы осындай бригада;

Осылардың әрқайсында 10-15 мыңнан әскер бар деді саясаткер. Демек, оны 6-ға көбейтсек 80-90 мың әскер.  Сұмдық қой! Украина Донбасты неғып ала алмай жатыр десек, осындай сұмдығы бар екен. Демек, Ресей басқыншы ел!

Сұхбатты толық   Ютуб-тан «Б.Немцов. Смертельно опасный президент» деп жазсаңыздар табасыздар.

Марат Али

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1157
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1062
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 794
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 918