Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
Жаңалықтар 4896 0 пікір 7 Қараша, 2014 сағат 16:31

ҚАЗАҚСТАННЫҢ АЙМАҚТЫҚ БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ФОРУМЫ

«Қазақстандық БАҚ-ын қолдау және дамыту Қайырымдылық қоры» «FORBES Kazakhstan» журналы және «ТАҢ» Телеарнасының қолдауымен 9 желтоқсанда Астана қаласында Қазақстанның аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарының тұңғыш форумын өткізуді жоспарлап отыр.

Форумның негізгі мақсаты – барлық БАҚ өкілдері мен қазақстандық блогерлер үшін ортақ пікірсайыс алаңын құру.

Форум барысында төмендегідей тақырыптарда мастер-кластар өткізу жоспарлануда:

- Қазақстанның ақпараттық қауіпсіздігі;

- Тележаңалықтар мен сараптамалық бағдарламалар жасаудың қыр-сыры;

- Журналистер мен БАҚ-тың заңмен қорғалуы, заңның қыр-сыры;

- Мультимедиалық журналистика – түрлі медиалар үшін контент құрудың ерекшеліктері;

- Онлайн-журналистика;

- Заманауи БАҚ-ның жаңа технологиялық мүмкіндіктері;

- Жарнама – БАҚ-тың негізгі табыс көзі. Жарнаманы дұрыс сату жолдары;

Форумның негізгі сөзұстарлары  - қазақстандық және ресейлік медиа кеңістіктің танымал майталман мамандары және журналистика мэтрлері.

    Аталған форум жоба қатысушыларының кәсіби деңгейін көтеріп, орталық және аймақтық БАҚ өкілдерінің өзара тәжірибе алмасу әрі бірлесе әрекет етуінің берік платформасына айналады деп жоспарланып отыр.

    Сондай-ақ, форум аясында халықтық IPO жайлы егжей-тегжейлі айтылады.

     Медиа форумға қатысу туралы өтініш 2014 жылдың 20 қарашасына дейін мына электронды адрес бойынша қабылданады: mediaforum@tantv.kz

 

Байланыс:

Кенжебаева Сандуғаш

Тел: +7 (727) 315 5031

Моб: +7 777 645 0482

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 322
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 162
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 167
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 163