Сейсенбі, 21 Мамыр 2024
Дабыл 5831 0 пікір 15 Қараша, 2014 сағат 15:07

ҮРЕЙЛІ ЖҰРТ: «ҮСЕНОВ КЕЛЕ ЖАТЫР!»

Мақсат Үсенов (суретте) тағы да жол-көлік оқиғасын жасады деп хабарлайды Алматы ІІБ-нің Баспасөз қызметі.

Таңертеңгі сағат 8.40-та Гагарин көшесінің бойында келе жатқан ол жолдың қарсы бетіне шығып Тойота Раф-4 авткөлігін қағып кеткен. Тойота Раф-4 авткөлігінің рулінде отырған әйел басынан қатты жарақат алып, 7-қалалық клиникалық ауруханаға түскен.

Естеріңізге сала кетейік, атышулы Үсенов өткен ақпан айында Алматы жұртының жағасын ұстатып BMW X6 автокөлігімен "Целинный" кинотеатрының маңындағы жаяу жүргінші жолынан алты бірдей адамды қағып кеткен. Бір адам сол жерде көз жұмған еді. Бірақ кейіннен тараптардың татуласуына байланысты қылмыстық іс тоқтатылып, Мақсат Үсенов қамаудан босатылған болатын.

Басына таяқ тисе де өз ісінен сабақ алмайтын, бейпіл тілмен айтқанда, артын қысып жүре алмайтын бұл кім өзі? Ауру ма? Әлде, әкесінің жер-көкке сыймай жатқан байлығын осылайша шашуды мақсат тұтқан «бүлікшіл» ме? Ол кім болса да, бұл мәселеде қоғам ойланатын халге жетті. Бұған қоғам белсенділері ғана емес, әлеуметтік инситуттар, психологтар, Парламент депутаттары, Үкімет – тегіс көңіл аударуы керек сияқты. Өйткені мынау шектен шығу ғана емес, асықынып, қабына бастаған мәселе. Қазақстандағы жол-көлік оқиғасының көптігіне, жолаушылардың жол апатына жиі ұшырап көз жұматындығына назар аударған Президент Назарбаев: «Сирияда ғой, түсінікті, соғыс болып жатыр. Ал, бізде ше? Біздегі жол апатынан көз жұмып жатқандардың саны қарулы қақтығыс жүріп жатқан Сириядан көп» деген еді. Көп болатын себебі бізде үсеновтар көп. Үсеновтарды арқаға қағып шығарып салып, «тайраңда да бас бер» дейтін жемқор судья, жең ұшынан жалғасқан тамыр-таныстық көп. Үсеновтың кезекті «ерлігін» естіген алматылықтар үрейленіп қалды. Енді жұрт бағдаршамға емес, Үсенов қай жолмен келе жатыр екен деп жүретін шығар...

Abai.KZ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2202
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2586
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2533
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1684