Жексенбі, 12 Мамыр 2024
Жаңалықтар 5062 0 пікір 17 Қараша, 2014 сағат 09:46

ЖЭС: ҰЛТТЫҚ ҚОРДЫҢ ҚАРАЖАТЫ ҚАЛАЙ ПАЙДАЛАНЫЛАДЫ?

Қарашаның 14-і күні Президенттің төрағалығымен Ұлттық қорды басқару жөніндегі кеңестің отырысы өтті деп хабарлайды aqorda.kz сайты.

Отырыста Мемлекет басшысының  «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына биылғы Жолдауын жүзеге асыру үшін Ұлттық қордан бөлінетін қаражатты пайдалану жолдары талқыланды. 

Нұрсұлтан Назарбаев жаңа экономикалық саясат аясында ауқымды жұмыс күтіп тұрғанын атап өтті.

– Экономика өсімінің қарқынын бәсеңдетуге, халық арасында жұмыссыздықтың белең алуына жол бермеу үшін біз жаңа бағдарламаны іске қостық. Әлемде қалыптасқан ахуал жағдайында сырттан келетін қаражат экономика үшін жеткіліксіз. Сондықтан біз Ұлттық қордың қаражатын пайдалануды ұйғардық. Жаңа экономикалық саясатты жүзеге асыруға үш жыл бойы жыл сайын 3 миллиард доллар бөлінеді. Сонымен бірге халықаралық қаржылық ұйымдардың несие желілері, сондай-ақ былтыр бөлінген 1 триллион теңге бар. Осы қаражаттарды жұмсау механизмін нақты айқындау керек, – деді Қазақстан Президенті.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы қаржы ресурстарының мақсатқа сай әрі тиімді жұмсалуын бақылаудың маңыздылығына назар аударды.

Мемлекет басшысы отырыс қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Абай-ақпарат 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1947
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2198
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1815
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1540