Жексенбі, 12 Мамыр 2024
Өзіңе сен 4383 0 пікір 18 Қараша, 2014 сағат 10:25

«ӘКЕМТЕАТР»: БАҒЫҢ МЕН БАБЫҢДЫ БАЙҚАП КӨР

Қазақтың Мемлекеттік М.Әуезов атындағы академиялық драма театры жас драматургтардың республикалық «Замандас келбеті» атты байқауын жариялайды.

1. Байқаудың мақсаты мен міндеттері:

- сахнада бүгінгі замандас келбетінің бейнеленуіне, тәуелсіз Қазақстанның - мойнына

жауапкершілік ала білетін, жаңа заманға, уақыттың талаптарына сай - жаңа кейіпкерлерінің

шығуына ықпал ету.

- жаңа көркемдік кеңістіктердің игерілуіне жол ашып, драматургияда жаңа есімдердің пайда

болуына және олардың кәсіби өсуіне мүмкіндік тудыру

2. Байқауды өткізу мерзімі:

- пьесалар 1 желтоқсанға дейін (2014ж.) қабылданады

- байқау нәтижесі 16 желтоқсан (2014ж.) – ҚР Тәуелсіздігі күні қарсаңында жарияланады.

3. Байқауды өткізу тәртібі:

- байқауға 40 жасқа дейінгі республика азаматтары және шетелдегі қандастарымыз қатыса

алады.

- байқауға қазіргі театр талабына сай жазылған, еш жерде қойылмаған, жарияланбаған, өзге

байқауларға қатыспаған жаңа пьесалар (автор туралы мәліметтермен қоса) жолдануы

шарт. Жанрға шектеу қойылмайды.

- байқауға ұсынылатын пьесалар компьютерлік 40 беттен аспауы тиіс (шрифт Times New

Roman-12). Пьесалар мәтіні teatr_auezov@bk.ru электронды поштасына және театр мекен-

жайына - 050008. Алматы қаласы, Абай даңғылы, 103 - жолдануы шарт.

- Байқауға түскен жобаларды кәсіби мамандардан тұратын Сарапшылар кеңесі сараптайды.

4. Байқау жүлделері:

- Ең үздік деп танылған пьесалар театр репертуарына алынып, сахналанады.

- Сәтті деген пьесалар авторларына режиссерлермен біріге жұмыс жасау, әріптестік ойдағыдай

болғанда театр сахнасында қою мүмкіндігі қарастырылады.

- Рухы, формасы байқау талабына сай пьесаларды жас режиссерлер, актерлер

лабораторияларында оқу ұйымдастырылады.

Қазақтың Мемлекеттік М.Әуезов атындағы академиялық драма театры Кіші сахна үшін жаңа режиссерлік жобалардың республикалық «Ашық сахна» атты байқауын жариялайды.

 

1. Байқаудың мақсаты мен міндеттері:

- Театрға тәуелсіз Қазақстанның жаңа буын режиссерлерінің келуіне және белгілі есімдердің
шығармашылық әлеуеттерінің жаңа қырынан ашылуына мүмкіндік тудыру.
- жаңашыл идеяларды қолдау – жаңа шығармаларға, сондай-ақ белгілі драматургиялық
шығармалардың жаңаша интерпретацияларына жол ашу.
 

2.Байқауды өткізу мерзімі:

Байқау екі кезеңнен тұрады.
1) режиссерлік жобаларды ұсыну -1 желтоқсанға (2014ж.) дейін
2) таңдалып алынған жобаларды қорғау - 1-10 желтоқсан аралығында (2014ж.)
- байқау нәтижесі 16 желтоқсан (2014ж.) – ҚР Тәуелсіздігі күні қарсаңында жарияланады.

3. Байқауды өткізу тәртібі:

- байқауға 40 жасқа дейінгі кәсіби режиссерлер - республика азаматтары және шетелдегі
қандастарымыз қатыса алады. - байқауға қазіргі театр талабына сай, өзге байқауларға қатыспаған жаңа жобалар (автор
туралы мәліметтермен қоса) жолдануы шарт. Жанрға шектеу қойылмайды.
- байқауға ұсынылатын жобалар компьютерлік 5-10 беттен аспауы тиіс (шрифт Times New
Roman-12). Жобалар мәтіні teatr_auezov@bk.ru электронды поштасына және қағазға
басылған нұсқасы 2 данамен театр мекен-жайына - 050008. Алматы қаласы, Абай
даңғылы, 103 - жолдануы шарт.
- Байқауға түскен жобаларды кәсіби мамандардан тұратын Сарапшылар кеңесі сараптайды.

4. Байқау қорытындылары бойынша:

- Ең үздік деп танылған жоба режиссеріне спектакль қою ұсынылады және жоба көркем
нәтижелі болса, фестивальдарға қатысу мүмкіндіктері қарастырылады.
- Сәтті деген жобалар театрдың перспективалық жоспарына енгізілуі мүмкін.

Қазақтың Мемлекеттік М.Әуезов атындағы академиялық драма театры шығармашылық топтар үшін Республикалық «Жаңа көзқарас» атты бірлескен жобалар байқауын жариялайды.
 

 

1. Байқаудың мақсаты мен міндеттері:

- жаңа Қазақстанға сай жаңа идеяларды сахнаға шығару.

- уақыт пен қоғамға, айнала дүниеге жаңаша көзқарас, жаңа көркемдік ізденістер көрініс

беретін қойылымдарды қолдау.

- талантты режиссер, актерлер, суретші, композитор, хореографтар, т.б. топтардың бірлескен

идеяларын жүзеге асыруға, шығармашылық әлеуеттерін барынша танытуға мүмкіндік беру.

- қазіргі сахнаға талантты режиссерлердің, суретшілердің, композиторлардың келуіне жағдай

жасау.

2. Байқауды өткізу мерзімі:

Байқау екі кезеңнен тұрады.

1) спектакль жобаларын ұсыну -1 желтоқсанға дейін (2014ж.)

2) таңдалып алынған жобаларды қорғау - 1– 10 желтоқсан (2014ж.) аралығында

- байқау нәтижесі 16 желтоқсан (2014ж.) – ҚР Тәуелсіздігі күні қарсаңында жарияланады.

3. Байқауды өткізу тәртібі:

- байқауға 40 жасқа дейінгі кәсіби режиссерлер, актерлер, суретшілер, композиторлар,

хореографтар, т.б. қатыса алады.

- байқауға қазіргі театр талабына сай, өзге байқауларға қатыспаған жаңа жобалар –

қойылатын шығарма мәтіні, режиссерлік қысқаша экспликация, суретшілік эскиздер

(авторлар туралы мәліметтермен қоса) жолдануы шарт. Жанрға шектеу қойылмайды.

- Жобалар мәтіні teatr_auezov@bk.ru электронды поштасына және қағазға

басылған нұсқасы 2 данамен театр мекен-жайына - 050008. Алматы қаласы, Абай

даңғылы, 103 - жолдануы шарт.

- Байқауға түскен жобаларды кәсіби мамандардан тұратын Сарапшылар кеңесі сараптайды.

5. Байқау қорытындылары бойынша:

- Ең үздік деп танылған жоба бойынша спектакль қою ұсынылады және жоба көркем жүзеге

асса, фестивальдарға қатысу мүмкіндіктері қарастырылады.

- Сәтті деген жобалар театрдың перспективалық жоспарына енгізілуі мүмкін.

Анықтама телефондары – 378-54-11, 8-701-722-23-07;

8-777-704-71-71.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1949
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2212
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1824
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1543