Жексенбі, 12 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3943 0 пікір 19 Қараша, 2014 сағат 12:06

ПАВЛОДАРЛЫҚТАР ЖАҢА ПӘТЕРГЕ КӨШТІ

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» жанындағы Қоғамдық кеңестің араласуынан кейін Павлодар қаласындағы құрылысы аяқталмаған үйдің мәселесі оң бағытта шешілді.

Қазіргі таңда баспана кезегінде тұрған 96 отбасы пәтер кілттеріне ие болып, қоныс тойын тойлауда. Қаланың 1 - шағын ауданыннан бой көтерген бұл тұрғын үйдің құрылысын аяқтау мерзімі кейінге шегеріліп келгеніне жылға жақындаған еді. Салымшылардың банк тарапына жолдаған шағымдарынан кейін мәселеге Қоғамдық кеңес араласып, тиісті шараларды қолға алған болатын. Атқарушы билік тарапынан берілген уәдеге сәйкес, енді баспана толық пайдалануға берілді.

Қоғамдық кеңес анықтағандай, тұрғын үй құрылысының мерзімінде аяқталмауына бас мердігердің материалдық-техникалық базасының әлсіздігі мен кәсіби құрылысшы мамандардың жетіспеушілігі себеп болған екен. Сол себептен, жергілікті әкімдік құрлысты тоқтатып, қайталап тендер жариялауға мәжбүр болған. Осыдан кейін барып қана құрылыс жұмыстары қызып, нәтижесінде салымшылар өз баспаналарына қол жеткізіп отыр.

Сондай-ақ, бұл күндері тағы да 205 павлодарлық тұрғындар жаңа үйге қол жеткізді. Олар қаланың 3- шағын ауданынан бой көтерген тоғыз қабатты зәулім нысанның алғашқы қоныстанушылары атанды. Тұрғындардың қоныс тойының алғашқы қонағы ретінде қуанышын бөлісуге келген  Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаев пен «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Ербол Қарашөкеев пәтер иелеріне кілт тапсырды.

Ал, жақын күндері осы қаланың Толстой көшесінде де қуанышты шара өтпек. «Қол жетімді баспана - 2020» бағдарламасы аясында салынып жатқан тағы бір тұрғын үй құрылысы аяқталып, 180 пәтер пайдаланылуға берілмек.

Жалпы, мемлекеттік бағдарлама жүзеге асырыла бастаған кезеңнен бері Павлодар облысында 477 пәтерлік 6 тұрғын үй салынды. Бұл 29 мың шаршы метрді аумақты құрайды.  Пәтерге ие болу үшін салымшыларға «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» тарапынан арзан займдар берілді. Үстіміздегі жылдың 1-қарашасындағы деректер бойынша Павлодар облысының әкімдігімен арадағы келісім бойынша 2 млрд. 600 млн. теңгеден астам қаржы игерілген.

Айта кету керек, «Тұрғын үй жинақ банкі» АҚ «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі АҚ-ның еншілес компаниясы болып табылады. Холдингтің құрылу мақсаты ұлттық экономиканы сауықтыру мен өркендету және инвестициялар тарту, сондай-ақ кластерлік жұйе мен корпоративті басқару ісін жетілдіруді көздейді. 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1942
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2149
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1778
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1533