Жексенбі, 28 Сәуір 2024
Қоңырау 6425 0 пікір 3 Желтоқсан, 2014 сағат 12:24

РЕСЕЙДЕН ҮЙ САТЫП АЛЫҢЫЗ. АРЗАН

Солтүстікқазақстандықтар қалталарындағы теңгелерін рубльге айырбастап Ресейге түпқопарыла барып жатыр. Олардың қайсібірі киім-кешек пен өзге де ұсақ-түйекке қарық болып жүрсе, қайсібірі автокөлік пен пәтер сатып алуда. Құрылыс материалдары мен үй-жихаздарын, тіпті, азық-түлік сатып алып жүргендер де бар деп хабарлайды КТК арнасы. Сондай сатып алғыштың бірі Юрий Аубакиров дейтін жігіт: «Петропавлскдегі үйңіді қандай бағаға сатсаң, сондай бағаға Омскден үй сатып аласың», - деп мәз. Орыс ақшасының құлауына байланысты қазір дүниенің есебін түгендеп отыратын пысықтар осылайша тірлік жасап, жиған- терген қаржы-қаражатын жылжымайтын мүлікке, капиталға айналдыруда.

Естеріңізге сала кетейік, РФ валютасы жыл басынан бері 30 пайызға құлады. Есесіне, рубльге деген сұраныс Қазақстанда бес айдан бері жоғары. Валюта айырбастайтын пункттерде орыс ақшасы түгесіліп қалуда. «Бұл жайт еліміздің оңтүстігінен гөрі солтүстік облыстарында бірден байқалуда», - дейді жағдайды бағымдап жүрген сарапшылар.

Ресейде баспанамен қатар автокөліктер де арзандай түсуде. Қазір автобазарларда жүрген саудагерлер Ресейге ағылуда. «Арзан, тіпті арзан. Әмиянымдағы қаражатымның біразын үнемдеп қалдым», - дейді КТК арнасына сұхбат берген Гүлнәра Мәдиева.

  Орыс ақшасы құнсыздана түсуде. Кеше (02.12.2014) ,1 доллар 54 рубльге, еуро  67 рубльге жетті.

Ресейде пәтерлердің арзандауына байланысты еліміздің солтүстік облыстарында тұрып жатқан этникалық орыстардың көшуі де жилей бастағаны туралы ақпарат алып отырмыз.   

Abai.kz    

 

 

0 пікір