Жексенбі, 28 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4000 0 пікір 3 Желтоқсан, 2014 сағат 12:29

26 ПӘТЕР ИЕСІН КҮТЕДІ

26 ПӘТЕР ИЕСІН КҮТЕДІ

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ мен Алматы облысының әкімдігінің екіжақты келісімінің нәтижесінде тұрғындар жаңа пәтерлерге қол жеткізбек.

«Қол жетімді баспана-2020» бағдарламасы шеңберінде салынып, құрылыс аяқталған 26 пәтер өз иелерін күтуде.

Алматы облысы, Іле ауданының орталығы Өтеген батыр кентінде орналасқан бұл көпқабатты үй 50 пәтерден тұрады. Оның 26 пәтері «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» жүйесі арқылы сатылады. Тұрғын үйдің 1 шаршы метрі үшін қойылған баға – 100 000 теңге. Қазіргі күні салымшылардан құжаттар қабылдау жалғасуда.

0 пікір