Сейсенбі, 7 Мамыр 2024
Рух 12031 0 пікір 5 Желтоқсан, 2014 сағат 09:49

ӘН МЕН ЖЫР КЕШІ: «ҚАСИЕТТІМ – ЖЕЛТОҚСАН!»

 

 Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының Алматы қаласында үкіметтік емес ұйымдармен әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыру бойынша тапсырысы аясындағы тікелей қолдауымен «Жерұйық» қоғамдық бірлестігі «Алатау» концерт залында 9 желтоқсанда, кешкі сағат 17.00-де басталатын «Қасиеттім - Желтоқсан!» атты концертке шақырады.

Концертте 1986 жылғы желтоқсанда алаңда шырқалған әндермен қатар, желтоқсанды жырлаған шығармалар  және де ел тәуелсіздігін толғайтын отаншылдық рухтағы әндер орындалады.

Аталған жоба аясындағы «Жерұйық» қоғамдық бірлестігінің басты мақсаты - 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы тақырыбында жарық көрген музыкалық шығармалар мен әндерді насихаттау. Бұл - 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы тақырыбындағы әндерге арналған концерт тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр.

Концертте кезінде желтоқсан алаңында шырқалған «Атамекен» әнінен бастап, оқиғадан кейінгі уақытта шыққан «Желтоқсан  тағылымы», «Желтоқсан  желі», «Бостандықтың  бойтұмары  желтоқсан», «Қара  бауыр қасқалдақ», «Желтоқсан маршы», «Желтоқсан жастары маршы» және «Қайсар қазақ» сынды желтоқсан тақырыбына арналған әндер орындалады.

  Желтоқсан әндері - азаттық, отаншылдық, ұлтты сүю секілді киелі ұғымдардың сүбелі жалғасы іспетті - қазақ халқының, азаттық сүйгіш барша адамзат баласының еркіндікке ұмтылған аңсарына деген ескерткіш секілді. Бұл музыкалық шығармалар - 1986 жылғы желтоқсанда бұлқынған жастардың жүрек қағысы, сонау азатшыл ұлық бастаманың жалғастырушысы, жанашыр жылнамашысы.

 

Әсіресе, бүгінгі жас ұрпақпен қатар, желтоқсан оқиғасын жүрегінен өткізген қайсар ұл-қыздарымыз үшін бұл концерт үлкен тағылым болмақ. Желтоқсанның рухты әндері кім-кімді де ойға жетелейді, намысын оятады, жігерін жаниды.

    Концертке белгілі әншілер Нұрғали Нүсіпжанов, Бағдат Сәмединова, Мұратбек Сарбасов, Құдайберген Бекіш, Құрманбек пен Риза Әлімғазы, Әділ Сламхан мен Дана, Біржан Хасанғалиев, Әлия Әбілқайыр, Артұр Ізтілеуов және де «Алашұлы», «Ағайындылар», «Сағым» мен «Дара» топтары сынды т.б. өнер жұлдыздары қатысатын болады. Концертке кіру тегін, желтоқсан әндерін тамашалаймын деушілерге есік ашық.  

 Өтетін жері:

«Алатау» концерт залы 

Өтетін уақыты:

9 желтоқсан, кешкі сағат 17.00

 

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1663
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1597
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1339
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1276