Сәрсенбі, 15 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2136 0 пікір 14 Мамыр, 2010 сағат 09:03

Петропавлдағы ботаникалық бақты қайта жөндеуге «жол картасы» бойынша Т300 млн-нан аса қаржы бөлінді

Петропавл. 14 мамыр. ҚазТАГ - Петропавлдағы ботаникалық бақты қалпына келтіріп, жөндеуге «жол картасы» бағдарламасының шеңберінде Т300 млн-нан аса қаржы бағытталды. Бұл туралы ҚазТАГ тілшісіне «Қызылжар оранжереясы» МКК директоры Равиль Рязапов мәлім етті. Бөлінген қаржыны игеру жұмыстары басталып та кетті.

«Қазір коммуникациялар салу жұмыстары жүзеге асырылуда - жаңа электр желілері, жылу құбырлары тартылып, металл құрылыстарының монтажы үшін жағдай жасалуда, - деді Р.Рязапов. - Монолит іргетасты құйған соң құрылыс бригадасы шыны мұнара көтереді. Бұрын оның биіктігі 10 метрге жуық болса, қайта жөндеуден өткізілген ғимараттың бикітігі 20 метрден асады. Бұл шыны шатырды бірнеше рет тесіп өткен көпғасырлық пальмалардың ғұмырын жеңілдетеді».

Бұдан басқа, оранжереяны күрделі жөндеу бойынша тендерде жеңіске жеткен «Строитель» Фирмасы» ЖШС ерекше бағаналарды орнатып, айналадағы аумақты абаттандыруды жоспарлап отыр. Жаңартылған нысан қазан айында тапсырылады.

«Біз құрылысшылардан кәсіпорнымыздың ерекше қызметін ескеруді өтіндік, - деді Р.Рязапов. - Күрделі жұмыстарды жүргізу кезінде құнды өсімдіктерге зиян келтірмеу қажет. Ал біз өз кезегімізде, оларды стреске қарсы заттармен қоректендіретін боламыз».

Петропавлдың ботаникалық бағында әлемнің түкпір-түкпірінен әкелінген сирек өсімдіктердің 1000-нан аса түрі бар.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2027
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2442
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2035
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1587