Сенбі, 4 Мамыр 2024
Қоғам 5773 0 пікір 9 Желтоқсан, 2014 сағат 12:24

«ҒАСЫР АФЕРАСЫ»: ЖИҒАН-ТЕРГЕНІҢ ЖЕЛГЕ ҰШТЫ

Жеке-жеке жинақтаушы қорлардағы қаражатты ортақ қазанға тоғыту арқылы құрылған еліміздің Бірыңғай жи­нақтаушы зейнетақы қорының басы дауға қалды.

Мәселе былай: БЖЗҚ жеке жинақтаушы қорлардан құны 95 млрд. теңгелік құнды қағаздарды мұраға алуға мәжбүр болған. Қызығы алда, бұл құнды қағаздар банкроттық жағдайда тұрған компаниялардың активтері болып шыққан. Осылайша, мұқым қазақстандықтардың маңдай терімен тапқан еңбекақысының 10 пайыздық бөлігі «көтерем компаниялардың» құнсызданған үлестерін сатып алуға кеткен. Демек, қамсыз қарттығыңыз үшін жинап келген зейнетақы жарнаңызды жинақтаушы қорлары жымысқы жолмен жаратып,  әлдебір күдікті компанияны құтқаруға оп-оңай бере  салып отырған.

Жалпы, Бірыңғай жи­нақтаушы зейнетақы қорының құрылуының астарында бақылаусыз кеткен жеке қорларды тәубесіне түсіру тұрғанымен, бұл идеяны жүзеге асыруға ынталы болған «ақылды бастар» кешігіп қалды... Немесе, бұл әу бастан келісіп, әлеуметті алдауға бағытталған «ғасыр аферасы» да болуы ықтимал. Өйткені, жеке жинақтаушы қорлардағы жарналарды орталықтандырылған кезде олардың активтерін Ұлттық банк бағалаған болатын.

Сонда алданған кім: БЖЗҚ ма, Ұлттық банк пе? Мүмкін миллиондаған салымшылар шығар? Ең басты сұрақ: құны көк тиындық бағалы қағаздарға кеткен халықтың ақшасын қай тараптың кері қайтаратыны мүлдем жабық тақырып болып қала бере ме?

Абай.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1068
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 957
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 708
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 808