Сәрсенбі, 15 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2302 0 пікір 14 Мамыр, 2010 сағат 08:56

Оңтүстіккореялық POSCO E&C Қандыағаш ГТЭС құрылыс жобасына қызығушылық танытты

Ақтөбе. 14 мамыр. ҚазТАГ - Оңтүстік Кореяның POSCO E&C компаниясы Ақтөбе облысында Қандыағаш газ-турбиналық станциясының (ГТЭС) құрылыс жобасына қызығушылық танытты.  Бұл туралы энергетикалық компания өкілдерінің аймақ басшысы Елеусін Сағындықовпен кездесуінде айтылды, деп хабарлайды ҚазТАГ тілшісі.

Кездесу барысында компания өкілдері «жоба үшін жауапкершілікті толығымен, тіпті ГТЭС-ті дайын күйі тапсыруды өз мойындарына алуға әзір» екендерін хабарлады.

Өз кезегінде Е. Сағындықов Қандыағаш қаласында қуаты 130 МВт ГТЭС салу 2010-2015 жылдарға арналған аймақтық индустрияландыру картасына енгізілгенін айтты. Ол «Қандыағаш ірі торап станциясы болып табылатынын, сондықтан болашақта бұл жоба кеңейтілуі мүмкін» екенін атап көрсетті.

Қазіргі уақытта жобалық-сметалық құжаттар әзірленді, 120 га көлемінде жер телімі бөлінді, нысанды арзан ілеспе газбен қамту мәселесі шешілді. Алайда қазіргі уақытта жобаны жүзеге асыру үшін жеткілікті көлемде қаржы жоқ.

POSCO E&C - электр станцияларының құрылысымен, жеке капиталды тартумен, қалдық энергияны өңдеумен айналысатын инженерлік-құрылыс компаниясы. Сондай-ақ, компания экологиялық таза көлік құралдарына да үлкен қызығушылық танытып отыр.

Қандыағаш ГТЭС құрылысы туралы ресми шешім 2005 жылы ел президенті Нұрсұлтан Назарьаевтың Ақтөбе облысына сапары кезінде қабылданды. Мемлекет басшысы электр станциясының құрылысы туралы бастаманы қолдап, осы мәселені пысықтауды тапсырды.

Кейінгі жылдары мемлекеттік-жеке кәсіпкерлік әріптестіктің негізінде қуаты 127 МВт ҚГТЭС құрылысының жобасы әзірленді. «Қандыағаш ГТЭС-100» АҚ мен мемлекеттің атынан өкілдік ететін энергетика және минералдық ресурстар министрлігі арасындағы концессия келісімі бойынша құрылыс аяқталған соң станция мемлекеттің меншігіне өтеді. Мемлекет жоба құнының 20% кепілдік берді.

Құрылыстың жалпы құны Т22 млрд сомаға бағаланып отыр. Нысан саланың 2009-2011 жылдардағы стратегиялық даму жоспарына енгізілді. ҚДБ жобаны жүзеге асыруға қызығушылық танытты. Алайда кейін жобаны қаржыландыру кешіктірілді.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2022
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2437
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2023
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1587