Сәрсенбі, 15 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2699 0 пікір 14 Мамыр, 2010 сағат 06:48

Қажы орысты қазақ қылыпты

Жеңіс күніне орай 9-мамырда орталық алаңда өткен мерекелік шараларға әдеттегідей үкіметтік емес ұйымдар да қалыспай қатысып, ардагерлерге деген құрметтерін білдіріп қалуға тырысып жатты. Бірі көк галстук байлаған, бірі сары орамал таққан жастар ұйымдары, әлем-жәлем әскери киімдерін киген казактар, асай-мүсейлерін арқалаған музыканттар, гүл шоқтарын көтерген саяси ұйым өкілдері бәрі-бәрі алаңда жүрді әйтеуір. Осылардың арасынан, әсіресе Амантай қажының аттаны айрықша естілді.  Сөйтсек, оның айғайының өзге астары бар болып шықты. Аттаншыл қажы бүй дейді: "Бұл соғыста қазақтар болмаса пәшістер жеңілмейтін еді. Біздің аталарымыз аттандап жүріп осы жеңісті алып келді. Енді оның қызығын біз, қазақтар көруіміз керек. Осыны мына билік дұрыс түсінбей жүр. Ал мен оны орыстарға түсіндіріп, қазақтың мықты екенін ұқтырып жүрмін. Мына Назарбаев билікте отырған 20 жылда бірде-бір орысқа қазақша үйрете алмады. Ал мен орыстарға қазақ тілін үйретуді былай қойып, өздерін қазақ қылып жатырмын. Әй, Виталий, кәне, айтшы, сен кімсің?".

Виталий дегені бағанадан бері езуі жиылмай тұрған бәкене бойлы орыс екен. Қажының сұрағына сабазың былай деп қазақша жауап берді: "Мен Витя, қазаққа сіңген орыс-найманмын!".

Жарайсыз, қажеке, бәрекелді. Орысты осылай қазақтандыра, наймандандыра беріңіз. Аттан, аттан!

"Абай-информ"

Суретте:

1-2-3. Амантай қажы мен орыс-найман Витя

4-5-6-8. Қоғамдық ұйымдар іс-шаралар өткізуде.

7. Ардагерлер алыстағы майдандастарын құттықтап жатыр.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2057
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2486
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2075
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1600