Сәрсенбі, 15 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2573 0 пікір 14 Мамыр, 2010 сағат 06:36

АШЫҚ ХАТ

Қазақстан Республикасы

Сенатының спикері

Қ.К. Тоқаев мырзаға.

Қазақстан Республикасы

премьер-министрі

К.Қ. Мәсімовке

Қазақстан жастары атынан

 

АШЫҚ ХАТ

Құрметті Қасымжомарт Кемелұлы!

Құрметті Кәрім Қажымқанұлы!

 

Қазақстан Республикасы

Сенатының спикері

Қ.К. Тоқаев мырзаға.

Қазақстан Республикасы

премьер-министрі

К.Қ. Мәсімовке

Қазақстан жастары атынан

 

АШЫҚ ХАТ

Құрметті Қасымжомарт Кемелұлы!

Құрметті Кәрім Қажымқанұлы!

 

Құрметті ағалар! Бізді «31-ші арнада» қалыптасқан жағдай қатты алаңдатуда. Аталған арнаның акциялары Ресейдің «СТС каналына» сатылған кезде үндемеген едік. Өйткені, сол уақытта арна толыққанды бұрынғы қалпында болатыны туралы айтылған болатын. Оның үстіне «арна толық сатылған жоқ» - деген пікір де алға тартылған. Алайда дәл қазір жағдай мүлдем өзгеше өрбіп бара жатыр. Бүгінгі «31 - арна» «Қазақстан Республикасының Тіл туралы заңын» мүлдем орындап отырған жоқ. Яғни паритетті елуде-елу саясаты өрескел бұзылуда. Онымен қоймай, арнаның қазақ тілді бағдарламаларының барлығы дерлік жабылып бітті. Солардың соңғыларының бірі болып әлі жарыққа толық шығып үлгермеген «Айна-LINE» бағдарламасы жабылды. Ол бағдарламасыз-ақ арнаның рейтингісі керемет болып тұрғаны шамалы еді. Басшылық ауысқалы бұқара «31 арнаны» көруден қалды. Десе де көңілге жағатын бірен-саран қазақ тілді жобалар бар болатын. Арна басшылығы сол жобалардың тамырына балта шауып отыр. Осыдан логикалық сұрақ туындайды. Ресейліктер арнаны ақшаға сатып алып, енді ол жерде неліктен тиімсіз саясат жүргізуде? Бәлкім арнаны алудағы о бастағы мақсаты басқа болар. Қырғызстандағы, Украинадағы, Грузиядағы өзгерістер сол елдердегі Ресейге немесе басқа мемлекеттерге жақын телеарналардың толық қолдауымен жүзеге асқанын білеміз. Құрметті, ел ағалары ойланайық.

 

Соңғы уақытта Қазақстан өзінің ақпараттық саясатында кенжелеп келеді. Ол туралы Елбасы да айтқан болатын. Өкінішке қарай, бүгін әрбір Қазақстан азаматының үйінде Ресей телеарналары сарнап тұр. Біздің халық баяғыда-ақ Отандық телеарналарды көруден қалған. Біздің теледидар бетіндегі саясатымыз Ресейден әлдеқашан ұтылып бітті. Телеэкрандағы қажетті ақпараттың дені әлі күнге Ресейден алынады. Яғни, ол жерде өзге елдің мүддесі жатқанын ұмытпауымыз керек.

 

Құрметті Кәрім Қажымқанұлы! Өткен жылдың аяғында жаңадан үш таза қазақ тілді телеарна ашылатынына уәде берген болатынсыз. Қазіргі «31 арнадағы» жағдайдың ушыққанына қарап, сіздің сол уәдеңіздің жүзеге асатынына күмәнмен қарай бастадық. Керісінше ел арасында «қазақ тілді бағдарламалар тек «31 арнада» ғана емес, басқа да телеарналарда жабылады» деген пікірлер көбейіп барады.

 

Егер сіз айтқан үш қазақ тілді телеарнаның ашылатыны рас болса, «31 арнаның» да қазақ тілді бағдарламаларын сақтап қалуымыз керек. Себебі, біздер, яғни қазақ жастары, қазақ экранында, қазақ тілінің үстемдік құрғанын қалаймыз. Ал, қалың жұртшылық «СТС-тің» анайы сериалдарын қазақ тілді титрсыз-ақ спутник арқылы көріп отыр. Ол сериалдардың «31 арнадан» қайталап көрсетілуіне еш негіз жоқ. Әрине құқтық-демократиялық мемлекетте биліктің жекеменшік телеарнаның ішкі саясатына араласуына болмайды. Дегенмен, біздің ойымызша аталған арна тікелей еліміздің ұлттық, атап айтқанда ақпараттық және идеологиялық қауіпсіздігіне нұқсан келтіруде.

 

Құрметті ел ағалары! «31 арнадағы» мүшкіл жағдайға шұғыл түрде араласып, оңтайлы шешім шығарсаңыздар екен.

 

1.     «Болашақ Республикалық Қозғалысы» жетекшісі Дәурен Бабамұратов,

2.      «Қазақстан жастары одағының» төрағасы Әсет Тұрдығұл,

3.      «Рух пен Тіл» клубының жетекшісі Жанболат Мамай,

4.      «Алаң» әдебиет бірлестігінің төрағасы Рысбек Дәбей,

5.      «Еркін интернет үшін» қозғалысының өкілі Ұлан Шамшет,

6.      «Абырой» жастар бірлестігінің жетекшісі Азамат Жетпісбаев,

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2057
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2486
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2076
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1600