Сәрсенбі, 15 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2102 0 пікір 13 Мамыр, 2010 сағат 06:52

Ақтөбе облысында 27 адамның улану оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды

Ақтөбе. 13 мамыр. ҚазТАГ - Ақтөбе облысында Жем қаласының 27 тұрғынының белгісіз газдан улану оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Зардап шеккендердің 19-ы - балалар.

Қалалық полицияның бөлім бастығы Сағынғазы Қабыловтың айтуынша, қылмыстық іс «Санитарлық-эпидемиологиялық ережелерді бұзу» 267 бап бойынша химиялық уланы оқиғасынан кейін металл қабылдау қосынына қатысты қозғалып отыр.

Полицияның болжамына сәйкес, металл қабылдаушы тұрғын үйлер ауданына жақын маңнан оттегі баллонын тауып алған. Көлемі 1 метр х 20 см баллонның салмағы ауыр болғандықтан, ер адам оның ішіндегі газды шығармақ болған. Бірақ баллон жарылып кеткен. Құтқарушылар оқиға орнына 2 сағаттан кейін бірақ жеткен. Жақын маңдағы үйлердің тұрғындары өздерін осы кезде нашар сезіне бастаған.

Полиция қызметкерлерінің атап көрсетуінше, енді оттегі баллоны сараптамаға жіберіледі. «Топырақ сынамасы алынды, сараптаманы біз және облыстық санэпидсараптама орталығы жүргізіп жатыр», - деді СЭҚ аудандық бөлімінің бастығы Самат Ділімбетов. - Қорытынды аптаның соңында белгілі болады».

Санитарлық дәрігерлер газдың аммиак болуы мүмкін екенін айтып отыр.

Қазіргі уақытта зардап шеккендер үйлеріне оралды, бірақ ем қабылдауды жалғастыруда.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2041
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2473
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2054
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1595