Сәрсенбі, 15 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2886 0 пікір 13 Мамыр, 2010 сағат 06:49

Қостанайлық «Тобыл» футболдан Қазақстан чемпионатының оныншы турынан кейін жеке лидер атанды

Алматы. 13 мамыр. ҚазТАГ - Қостанайлық «Тобыл» көкшетаулық «Оқжетпесті» 4:0 есебімен тізе бүктіріп, футболдан Қазақстан чемпионатының оныншы турынан кейін жеке лидер атанды.

Жеңімпаздар құрамасында екі реттен гол соққандар: Нұрбол Жұмасқалиев және Ұлықбек Бақаев.

Шымкенттің «Ордабасы» командасы астаналық «Локомотив» құрамасынан 3:1 есебімен басым түсті. Александр Трайкович матчтың бірінші голын соқса, ойынның екінші жартысында Ұлықбек Асанбаев есепті алаң иелерінің пайдасына 2:0 етті. Осыдан кейін қонақтар бір гол соқты, бұл жолы Сергей Хижниченко ерекшеленді. Алайда Александр Митрофановтың арқасында матч қорытындысы «Ордабасы» жеңісімен аяқталды.

Қарағандылық «Шахтер»  «Тараз» командасынан 2:0 есебімен басым түсті. Алаң иелері құрамында гол соққандар: Андрей Финонченко мен Гедеминас Вичюс.

«Атырау» талдықорғандық «Жетысумен» ойында ұпай жоғалтты, есеп 1:2. Жеңімпаздар командасынан гол соққандар: Серікжан Мүжіков және Иван Перич. Алаң иелері Георгий Пейкришвили соққан бір голмен ғана жауап қайтара алды.

Оралдың «Ақжайығы» алматылық «Қайратпен» тең ойнады, есеп 2:2. «Ақжайық» капитаны Алексей Мальцев ойынның бірінші жартысында соққан екі гол алаң иелері жанкүйерлерін ұзақ қуантқан жоқ, Сергей Куцов, Шынғыс Әбуғалиевтардың голдары матчтың есебін теңестірді.

«Ақтөбе» мен павлодарлық «Ертістің» ойыны есеп ашылмай-ақ, аяқталды.

Оныншы турдан кейін 23 ұпаймен қостанайлық «Тобыл» командасы жеке көшбасшылыққа шығып отыр. Екінші орында - 21 ұпай жинаған павлодарлық «Ертіс». 20 ұпайы бар қарағандылық «Шахтер» үшінші орынды қанағат тұтты.

Футболдан ел чемпионатының он бірінші туры 20 мамырда өтеді.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2058
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2488
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2082
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1602