Сәрсенбі, 8 Мамыр 2024
Қоғам 5887 0 пікір 9 Қаңтар, 2015 сағат 11:07

ҚОШ, «ҚОЛ ЖЕТІМДІ БАСПАНА-2020...»

Еліміздегі миллиондаған тұрғындардың баспаналы болуға деген үміттерін үрлеп тұтатқан «Қол жетімді баспана-2020» мемлекеттік бағдарламасы орта жолдан тоқтады.

Бағдарламаның толық қанды нәтижесін бермей аяқталуына ел Үкіметінің «Аймақтарды дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын» қабылдауы негіз болған. 2014 жылдың 28 маусымында қабылданған ҚР Үкіметінің №728 қаулысы бойынша енді төрт бағытта жұмыс жүргізілетін болады. Олар: «Аймақтарды дамыту» бағдарламасы, «Шағын қалаларды дамытудын 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасы», «Тұрғын үй-коммуналды шаруашылықты жаңғырту бағдарламасы» және «Ақ бұлақ – 2011-2020» бағдарламасы.

Ал, мерзімнен бұрын тоқтатылған «Қол жетімді баспана -2020» бағдарламасының бұдан ары қарайғы жүзеге асырылуы аймақтық бағдарламаларды орындаудың ішінара бағытына айналмақ.

Абай.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1698
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1654
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1384
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1317