Сенбі, 4 Мамыр 2024
Осы ғой енді... 6855 0 пікір 22 Қаңтар, 2015 сағат 09:37

ҚАРАҒАНДЫ: ЖЕР ДАУЫ ҚАЙТА БАСТАЛДЫ...

Жер дегеніміз... оның өзінде де қала маңындағы немесе қала ішіндегі жер дегеніміз бүгінгі күні «қып-қызыл коррупция» жайлаған ЖҰМАҚтың жайлы мекені сияқты. Қайсібір қаланың немесе облыстың жер саласына қатысты мекемесін алып қарамаңыз, бәрінде де жерге байланысты қызылкеңірдек айтыс жүріп жатады. Ашығы осы. Америка ашып отырғанымыз жоқ, әліппе оқи алатын азаматтардың барлығы мұны жақсы білсе керек. ӘЛҚИССА:

Қарағанды облысында қара жерге байланысты тағы да дау-дамай туындап келеді. «Жер дауы мен жесір дауы» дегеніміз әлімсақтан бар болған десек те, қала әкімдігінің бұл жолғы қылығы шынымен де сыбайлас жемқорлықтың «есігін қағып» тұрғандай. «НЕГЕ?» десеңіз, құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін жер бөлуді сұраған кәсіпкерлерге Нұрлан ӘУБӘКІРОВ бастаған қалалық әкімдік «ОТКАЗ» беріп отыр. Әкімдіктің «сынығына табылып отырған сылтауы» - «жер сатылады, яғни аукционға қойылады...» деген уәж ғана. Рас, бұған ешкімнің қарсылығы жоқ, өйткені қолданыстағы заңда тура осылай деп көрсетілген де. Бұл - көтеріліп отырған мәселенің бір жағы ғана десек, осынау мәселенің екінші жағы да бар ғой. Екінші жағы мынау сонда: заң бойынша сатылымға түсетін жер алдын-ала белгіленіп, ол жердің сатылу тәртібі, сонымен бірге  кадастрлық нөмірі мен бағасы нақтылануы қажет. Сөйтіп мұның барлығы жергілікті мәслихаттың сүзгісінен өтіп барып... бекітілуге тиісті. Ал Қарағанды қалалық әкімдігінде мұның бір де біреуі заңды құжат ретінде «тасқа басылып, таңбаланбаған». Аймақтық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Геннадий ЖМУК мырзаның айтуына қарағанда, дәл осы палата ұсынысы бойынша әкімдік жанынан Қоғамдық кеңес құрылған екен. Дау-дамайға ұласып кеткен жер мәселесі жақында осы Қоғамдық кеңесте арнайы қаралмақшы. Қазіргі кезде қала прокуратурасы да құлағдар етілген осынау мәселенің мәнісін Қоғамдық кеңес шеше ала ма, жоқ па – жергілікті жердегі гу-гу еткен бүгінгі ГӘП те осында болып тұр.

Марат МАДАЛИМОВ.

 

Абай.kz 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1052
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 934
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 693
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 790