Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2146 0 пікір 11 Мамыр, 2010 сағат 05:01

Хоккейден Қазақстан құрамасы Германиядағы әлем чемпионатында алғашқы ойынын Беларусияның командасынан 2:5 есебімен ұтылып қалды

Алматы. 10 мамыр. ҚазТАГ - Хоккейден Қазақстан құрамасы Германиядағы әлем чемпионатында алғашқы ойынын Беларусияның командасынан 2:5 есебімен ұтылып қалды.

Ойынның бірінші кезеңінде көрермендер бір шайба салынғанын көре алмады. Екінші жирма минуттық кезең қазақстандықтардың салған шайбасымен басталды. Шайба салған Дмитрий Дударев болды. Он минут өткенде Владимир Антипин есепті еселеп, 2:0-ге жеткзді. Бірақ беларусьтықтар үзіліске дейін есепті теңестіріп үлгерді. Олардан шайба салып үлгергендер - алдымен Дмитрий Мелешко, одан соң Михаил Стефанович болды.

Үшінші кезеңде толығымен беларусь ойыншылары басымдық танытты. Алдымен Алексей Калюжный қазақстандық қақпашымен бірге-бір шығып, оңай ғана шайба салып кетті. Ойынның 50-ші минутында Беларусь капитны Руслан Салей көк сызықтан күшті соққымен тағы бір шайба салды. 

Ойын аяқталудың алдында Сергей Демагин соңғы шайбаны салып, есепті Беларусь құрамасының пайдасына 2:5-ке жеткізді. 

Біздің топтағы басқа ойында ресейліктер словактарды 3:1 есебімен ұтты. Қазақстандықтар келесі ойынын 11-ші мамырда ресейліктерге қарсы ойнайды.

0 пікір