Жұма, 17 Мамыр 2024
Қайнайды қаның... 5344 0 пікір 20 Мамыр, 2014 сағат 15:47

ҚАРАҒАНДЫ РЕСЕЙДІҢ ҚАЛАСЫ МА?

Елімізде магистратура түлектерін  шетелдегі жоғары оқу орындарына жіберіп, тәжрибе алмасып, көз аямызды кеңейтуге мүмкіндік беретін жақсы дәстүр бар. Сол үрдіс бойынша, 23 сәуір мен 6 мамыр аралығында  Германиядағы  Дюссельдорф қаласына тағылымдамаға Еуразия Ұлттық университетінің  бірнеше студенттері жіберілген болатын. Сол қатарда біз де болдық. Сапарымыз Қарағанды-Мәскеу бағыты арқылы жалғасатын болды. Себебі, осы бағыт арқылы қатынайтын «Аэрофлот» атты ресейлік әуекомпанияның билеттерінің бағасы ойға қонымды, қалтамызға жайлы болып шықты. Билетті бірден барып-қайтуға алдық.

Аз күндік сапарымызды көңілді тамамдап, Еуропаны көріп, танып, оқуымызды ойдағыдай аяқтап, туған жерге, елге қарай жолға шықтық... Бельгиядағы Брюссель қаласынан Мәскеуге келіп қонғаннан кейін, Қарағандыға дейінгі  SU1936N рейсіндегі ұшақты 5 сағат күтуге тура келді. Содан қалтамыздағы қалған еуроға «ағайын-туысқа сыйлық алайық» деп кез келген халықаралық әуежайларда орналасқан кедендік салықсыз «Duty Free» дүкеншелерін аралауға кірістік.

 

«Duty Free» дүкеншелері халықаралық рейстегі жолаушыларға қызмет көрсететін дүкендер желісі. Сізге тауар сату үшін сатушылар паспорт пен әуебилетіңізді тіркейді. Шереметьева әуежайының дүкеншелерін шарлап,  ұнатқан тауарларымызды алдық. Қызық кассаға келгенде басталды. Алған тауарларымызға ақысын төлемек болған бізге, дүкен сатушылары «Мәскеу-Қарағанды рейсі халықаралық рейске жатпайды, себебі Қарағанды Ресейдің жерінде орналасқан» деп айды аспаннан бірақ шығарғаны. Біз оларға таңданып, бұл Қазақстанның жері екенін айтып, ұялы телефонымыздағы картаны көрсетіп дәлелдемекші болдық. Сатушылар «бұл базадағы ақпарат, біздің сіздерге тауарларды сатуға құқығымыз жоқ» деген жауаппен шектелді.

Дүкен де, алатын затымыз да жайына қалып, ендігі мақсат «Duty Free» жүйесіндегі ақпаратты өзгертуге ауды. Басшыларын іздедік. Бірақ, сағат кешкі он жарым болып қалған, бізге қол үшін берейін деп тұрған қызметкерлер де көрінбеді. Арпалысып жүргенде ұшаққа отыратын уақыт та келді. Амалсыз басымыз салбырап, жүрегіміз ауырып орындарымызға жайғастық. Қыңсылаған  күшіктей шарасыз жағдайымыз көз алдымнан кетер емес, ызадан жарылып,  бойымды жеріме деген қызғаныш сезімі кернеп, жегідей жеп бітті.

      Қазақстанның бір қаласы түгіл, бір түйір топырағын өзгенікі деген ойдың өзі жүрекке қандай ауыр салмақ түсіреді десеңізші!  Ғасырлар бойы бабаларымыздың қанымен қорғалып келе жатқан жеріміздің жартысын совет одағы кезінде  бауырларымызбен бірге бөліп бергенміз жетпегендей, Ендігі кезекте жеріміздің  «заты түгілі, атының да басқанікі» болып кеткені ұлы түркі  ұрпақтарының ұсақтап емес, өзінің батыр, жауынгер  аталарының генінен айрылып, намыссыз тобырға айналғаны емес пе?!

Мұны аз десеңіз, Еуропада біздің Қазақстаннан екенімізді білсе, орысша сайрай жөнелетіні тағы бар. Осындай қорлықтарға намыстанбайтын неткен еліміз, неткен ұлтпыз... Өкініш өзекті өртейді... Әттең...

Әсем Әбушәріптегі

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2120
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2530
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2252
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1637