Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2305 0 пікір 11 Мамыр, 2010 сағат 05:01

Шығыс Қазақстанда тасқын судан зардап шеккен ауылдарды қалпына келтіру жұмыстары басталды

Өскемен. 9 мамыр. ҚазТАГ - Шығыс Қазақстан облысында Тарбағатай ауданындағы тасқын судан зардап шеккен Көкжыра және Жантыкей ауылдарында жаңа үйлердің құрылысы басталды. Құрылыстың басталу рәсіміне облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қатысты. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Көкжырада 201 үй мен мектеп, Жантыкей ауылында 191 үй салу жоспарда. Тарбағатай ауданында барлығы 443 жаңа үй салынады», - деді әкімдіктен.

Барлық үйлер біркелкі жобамен, үй маңындағы 20 соттық жерімен салынып жатыр. Өңір басшысының тапсырмасымен құрылысшылар құрылыс материалдарының сапасына қадағалау жүргізіп отыруы тиіс. Одан басқа, құрылысқа қойылып отырған тағы бір шарт - ең алдымен жергілікті халық жұмыспен қамтамасыз етілуі тиіс.

«Бүгінге Көкжырадағы 350 құрылысшының 150-і жергілікті ауыл тұрғыны. Үй иелері өздеріне сапалы құылыс салып қана қоймай, ол үшін жалақы алатын болады. Егер отбасында ер азаматтар болмаса және тұрмысы төмен, көпбалалы немесе тек қариялар болса, онда барлық жұмысты облыс әкімдігі өзіне алады. Үйлерді құрылыс фирмалары салады», - дейді әкімдіктегілер.

Бұрын хабарланғандай, наурызда Тарбағатай ауданында тасқын судан 20 елді мекенді су басып, оның ішінде екі елді мекен - Көкжыра мен Жантыкей толығымен қираған болатын. Зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсету үшін ТЖМ желісі арқылы 320 млн теңгеге азық-түлік, киім-кешек, ЖЖМ, палатка, ыдыс-аяқ, аспаптар бөлінген. .

Жаңа үйлердің құрылысына республикалық бюджеттен 2,9 млрд теңге бөлінген.

0 пікір