Жексенбі, 28 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4720 0 пікір 2 Маусым, 2014 сағат 11:08

ҚАЗАҚСТАНДА ҰБТ БАСТАЛДЫ

Қазақстанда мектеп бітіруші түлектерді Ұлттық бірыңғай тестлеу басталды. Бүгін Астанадағы Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде орналасқан сынақ пункттерінің біріне ҚР Білім және ғылым вице-министрі Тахир Балықбаев келіп, ұлттық сынақ тапсырмаларын ресми түрде ашты және түлектерге сәттілік тіледі.  Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Вице-министр тілшілерге берген сұхбатында: «Алдағы жеті күннің барысында 92077 түлек ұлттық бірыңғай тесті тапсыратын болады. Олар еліміздің арнайы дайындалған 155 тестілеу пункттерінен өтетін болады. Бұл жерде балаларда толқу жоғары болғанымен, елде арнайы дайындау жүйесі өте жақсы жолға қойылған. Түлектер бірнеше рет арнайы сынақтардан өтіп, тестке толық дайындықпен келіп жатыр», - деген. Оның айтуынша, сынақ сұрақтарының 30 пайызы жаңартылған және форматы өзгерген жоқ. 

Айта кететін болсақ, биыл елімізде ҰБТ 2-8 маусым аралығында өтеді.

Абай-ақпарат

 

0 пікір