Бейсенбі, 9 Мамыр 2024
Жаңалықтар 4731 0 пікір 3 Маусым, 2014 сағат 11:08

АЛЕКСАНДР ЛУКАШЕНКО: ТМД-ДАН ШЫҒУҒА АСЫҚПАҢДАР

Беларусь президенті Александр Лукашенко посткеңестік елдерді ТМД құрамынан шығуға асықпауға шақырды. ҚазАқпараттың хабарлауынша бұл туралы ТМД үкіметтері кеңесінің отырысына келген Премьер-министрлермен олардың орынбасарларымен өткен кездесуде айтылған.

«Мен осыған қатысты жекелеген мәлімдемелерден кейін Украина президентінің міндетін атқарушымен және біздің украиндық елшімен сөйлестім. Не нәрсені де асықпай, байыппен шешкеніміз жөн. Ағаттықа, асығыстыққа жол бермейік, оралу одан да қиын болады. Сондықтан да өзара іс-қимылдың орнықты алаңына айналған осы ұйымнан шығуға асықпауды шақырамын», - деген Беларусь президенті өз сөзінде.

Оның айтуынша, ТМД қазір ауыр кезеңді басынан өткеруде. Беларусь елі ТМД-ны маңызды, аса қажет, өзекті бірлестік деп қабылдайды, ол қатысушыларына көкейтесті мәселелерді тиімді шешуге мүмкіндік береді.

Еске сала кетейік, ТМД құрамынан 2010 жылдың басында Грузия шықты. Наурызда Украинаның Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Андрей Парубий Украина ТМД құрамынан шығуға дайындық үстінде екендігін мәлімдеді.

 

 

Абай-ақпарат

 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1786
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1773
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1491
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1393