Жексенбі, 12 Мамыр 2024
Жаңалықтар 5701 0 пікір 5 Маусым, 2014 сағат 11:31

G7 УКРАИНАҒА БАЙЛАНЫСТЫ РЕСЕЙГЕ ЖАҢА САНКЦИЯЛАР САЛМАҚ

«Үлкен жетілік» басшылары Брюссельде өткен саммитте, Украинаға қатысты әрекеттері үшін Ресейге жаңа санкциялар дайын екені туралы ескертпе айтқан. G7 көшбасшылары Ресейді  «Украина суверенитетін бұзуды жалғастырып келеді» деп айыптайды. Бұл туралы BBC хабарлады. Брюссель саммиті Мәскеудің Қырымды аннекциялап алып, Сочиде жоспарланған отырыс болмай қалып,  G8 қатарынан Ресей шығарылғаннан кейінгі алпауыт мемлекеттердің бірінші кездесуі болып табылады.

Саммитте Германия канцлері Ангела Меркель: "Біз Украинаға қолдау көрсетеміз және мынадай оң қадам жасау бойынша Ресеймен келіссөздер жүргіземіз. Егер жағдай оңалмаса, онда экономикалық санкциялар енгізудің үшінші кезеңін бастау жайын қарастырамыз. Бұл жағдай келісілді", - деген. Ангела Меркельдің сөзіне қарағанда, Нормандияда Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуге қатысушылар Путинді Украинаның жаңа президенті Петр Порошенкомен елдегі тұрақтылықты қамтамасыз етуде ынтымақтаса жұмыс істеуге шақырмақ. Одан өзге G7 елдері Ресйді басқа да қадамдар жасауға үндейді. "Сонымен қоса, Путин орыс-украин шекарасынан өтіп жатқан сепаратисттер мен қару-жарақ легін тоқтатуға атсалысуы керек", - деп мәлімдеді Ангела Меркель.

Сонымен қатар Польшада Петр Порешенкомен кездескен АҚШ президенті Барак Обама Украинаға 23 миллион доллар көмек қаражатын бөлетіні туралы айтқан.  Бұл кездесуде сондай-ақ Вашингтонның  құны 5 миллион доллар тұратын бронды жилеттер мен түнде көретін аспаптарды Киевке беретіні туралы хабарланды.

 

Абай-ақпарат 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1953
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2229
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1832
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1543