Сәрсенбі, 15 Мамыр 2024
Жаңалықтар 5178 0 пікір 20 Маусым, 2014 сағат 12:29

ҚАЗАҚСТАННЫҢ СЫРТҚЫ ҚАРЫЗЫ - 150 МИЛЛИАРД ДОЛЛАР

Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстанның сыртқы қарызы туралы сөз болды. Бұл туралы  Tengrinews.kz хабарлады. Отырыс барысында, "Ұлттық банктің мәліметіне сәйкес, Қазақстанның сыртқы қарызы 148,8 миллиард АҚШ долларын құрады. Осы қарызды төмендету үшін Үкімет нендей шараларды қолға алып жатыр? Осы көрсеткіш бойынша Қазақстан қай орында өзі?", - деп сұраған Мәжіліс депутаты Айгүл Нұркина.

Премьер-министрдің орынбасары - қаржы министрі Бақыт Сұлтанов Қазақстанның сыртқы қарызын азайту мақсатында қандай жұмыстардың атқарылып жатқанын жеткізгені туралы айтып, депутат ханымға жауап берген. Министрдің айтуынша, бүгінде Қазақстанның жалпы сыртқы қарызы 150 милиард долларды құрап отыр.  "Соның басым бөлігі - ірі инвестициялық жобаларға (сырттан - авт.) тартылған қаражат. Шамамен, 60 миллиард - квазимемлекеттік саланың қарызы, қалғаны - банктердің берешегі. 2007-2008 жылдары дағдарысқа қарсы іс-шаралар аясында олардың қарызы қайта құрылымдаудан өтті. Содан бері банктердің берешегі азайып келеді. Өткен жылдың соңында бюджеттік саясаттың жаңа тұжырымдамасы қабылданған болатын. Оған сәйкес, 2020 жылға қарай квазимемлекеттік сектордың қарызы 20 пайызға азаюы тиіс. Ал рейтингке келер болсақ, соңғы екі жыл бойы біз 148 мемлекеттің ішінде 14-орынға ие болып келеміз", - деп жауап берген Сұлтанов өз сөзінде.

 

Абай-ақпарат

 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2018
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2436
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2018
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1586