Дүйсенбі, 6 Мамыр 2024
Жаңалықтар 4136 0 пікір 24 Маусым, 2014 сағат 09:27

УКРАИНАДА СЕПАРАТИСТЕР АТЫСТЫ УАҚЫТША ТОҚТАТАДЫ

Украинаның шығысындағы ресейшіл сепаратистер жетекшілері 27 маусымға дейін атысты уақытша тоқтата тұру туралы келісімді сақтайды. Бұл жайында Ресей, Украина мен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) өкілдерімен кездесуінде өзін өзі жариялаған "Донецк халық республикасы" премьер-министрі Александр Бородай мәлім еткен. Оның сөзінше, өзін өзі жариялаған "Луганск халық республикасы" сепаратистері де келісімді сақтауға келіскен.

«Азаттық радиосы» сайтының жазуынша, Бородай бұған қоса сепаратистер өкілдері Украинадағы дағдарысты реттеуге араласатындарын да хабарлаған. Бұдан бұрын сепаратистер 20 маусым күні Украина президенті Петр Порошенко жариялаған бітім жоспарын қабылдамай тастаған еді.

23 маусым күні Еуропа Одағының сыртқы істер министрлері егер Мәскеу Порошенконың бейбіт жоспарын қабылдамаса Ресейге қарсы санкцияларды күшейтетінін ескерткен.

Абай-ақпарат

 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1519
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1370
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1120
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1148