Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2934 0 пікір 6 Мамыр, 2010 сағат 07:48

ҚҚА Данабанктің директорлар кеңесінің бұрынғы төрағасына ірі қатысушы мәртебесін алуға келісім берді

Алматы. 6 мамыр. ҚазТАГ - ҚР қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі (ҚҚА) «Данабанк» АҚ директорлар кеңесінің бұрынғы төрайымы Сәния Жақыповаға осы банктің ірі қатысушысы мәртебесін алуға келісім берді, деп хабарлады бейсенбі күні ҚҚА.

«ҚҚА басқармасының 2010 жылдың 30 сәуіріндегі қаулысына сәйкес, Сәния Жақыповаға «Данабанк» АҚ ірі қатысушысы мәртебесін алуға келісім беру туралы шешім қабылданды, - делінген ҚҚА хабарламасында.

ҚҚА мәліметтеріне сәйкес, «Данабанк» АҚ активтерінің көлемі бойынша Қазақстан банктерінің арасында 36-шы орында. 2010 жылдың қаңтар-наурызында банктің активтері Т3,43 млрд, жеке капиталы Т2,1 млрд болды. Банктің аталған кезеңдегі таратылмаған таза кірісі Т468,1 млн құрады. Банк акцияларының 11 пайызына иелік ететін жалғыз ірі қатысушы - Әлфия Қуанышева.

Сәния Жақыпова биржалық құжаттарға сәйкес банктің директорлар кеңесін 2006 жылдың қырқүйегінен 2008 жылдың желтоқсанына дейін басқарған. Ол банк акцияларының 9,9%-на иелік етеді.

0 пікір