Дүйсенбі, 6 Мамыр 2024
Жаңалықтар 5458 0 пікір 24 Маусым, 2014 сағат 10:45

ШЕКАРАНЫ БҰЗҒАН ҚЫТАЙ АЗАМАТЫ ҰСТАЛДЫ

 

 

Жерұйық іздеп Қытай-Қазақстан шекарасын бұзған қытайлық азамат ұсталды. Бұл туралы ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.

«Түнгі сағат он бірдің кезінде «Қорғас» шекара отрядының шекарашылары із тастау жолағының бойынан еліміздің аумағына қарай жүріп өткен адамның ізін байқайды. Санаулы минуттар ішінде застава «Қарулан» бұйрығы бойынша аяқтарынан тік тұрып, «Дабыл тобы» оқиға орнына аттанады. Иісшіл ит із аламын дегенше Жаркент шекара отрядының сарбаздары өздерінің позицияларына жетіп үлгерді», - делінген хабарламада. 

Түн ортасы ауғанда жақын маңдағы елді мекендерде блокпостар ұйымдастырылып, тұрғындардың, автокөліктердің құжаттары тексеріле бастайды. Белсенді іс-шара нәтижесінде көп ұзамай мемлекеттік шекараны бұзушы ұсталған. «Ол көршілес Қытай Халық Республикасының азаматы болып шықты. Жауап алу кезінде ол жер бетінен жұмақ іздеп, шекара кескендігін мәлімдеді», - делінген баспасөз қызметі хабарламасында.

Шекарашыларға Жаркент қаласынан ерікті жасақшылар көмекке келіп, шекара бұзушыны ұстау іс-шарасына көршілес әскери бөлімдердің жауынгерлері, Боралдай әуе базасының тікұшақтары, сондай-ақ, Панфилов аудандық ІІБ қызметкерлері жұмылдырылыпты.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1503
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1354
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1102
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1141