Жексенбі, 28 Сәуір 2024
Жаңалықтар 6487 0 пікір 25 Маусым, 2014 сағат 14:31

"АҢЫЗ АДАМНЫҢ" КЕЗЕКТІ СОТЫНА КЕЛІҢІЗДЕР

“АҢЫЗ АДАМ” журналының кезекті сот отырысына Мұхтар ШАХАНОВ қатысады.

Естеріңізге сала кетейік:
Ұлы отан соғысының он үш ардагері «Жұлдыздар отбасы АҢЫЗ АДАМ» журналынан 50 миллион теңге талап етіп сотқа берген болатын. Он үш ардагер де, олардың өкілі де АҢЫЗ АДАМ журналының №8 санын оқып көрмеген.

Сот отырысы 26 маусым бейсенбі  күні сағат 17.00-де Алмалы аудандық №2 сотында өтеді. Мекенжайы: Алматы қаласы, Төле би көшесі, 267 үй, (Тлендиев көшесінің қиылысы, «Каспий» мейрамханасы мен «Мың бір түн» кафесінің артында).

Әріптестер, бізді қолдап келеді деп сенеміз!

 

Абай-ақпарат

0 пікір