Сейсенбі, 2 Маусым 2020
COVID-19 ҚАЗАҚСТАНДА. Жұқтырғандар — 11571. Жазылғандар — 5757. Қайтыс болғандар — 41
Анық 4095 0 пікір 8 Шілде, 2014 сағат 11:18

АРТАЕВ БАСПАСӨЗ МӘСЛИХАТЫН ӨТКІЗДІ

Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев Астанада баспасөз мәслихатын өткізді.

Өткен аптада Айсұлу Ибрашова есімді әйел «мені Бақтияр Артаев ұрды» деп шу шығарған болатын. Оның айтуынша, Астанадағы түнгі клубтардың бірінде билеп жүрген оған Бақтиярдың қолы тиіп кеткен көрінеді. Осы оқиғаға байланысты пікір айтқан белгілі азаматтар мен оқырмандар «Артаев - сабырлы жігіт, мәселе қыздың өзінде болуы керек» деп шыр-пыр болған.  Олимпиада чемпионының өзі осыған дейін: «Егер мен оған шыныменен де қол жұмсаған болсам, ол БАҚ-қа сұхбат бере алмас еді. Ал бойжеткеннің бетінде тіпті көгерген жері де жоқ"-, деп түсініктеме берген. Артаев бүгінде БАҚ өкілдеріне осы уәжін айтып, «Айсұлу Ибрашованы сотқа бермейтінін, оның күндердің күнінде бұл істің ақ-қарасын өзі танып өкінетінін» жеткізді.

Осы іске байланысты Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Тұрсынғали Еділовтің пікірін білген едік:

- Артаев ондайға бармайды. Біздің федерацияның жігіттері олай істеуі мүмкін емес.  Бізде, тіпті, қарапайым адамға қол көтеруге болмайды.  Оның үстіне Артаев өте тәрбиелі, текті адам. Қызбен ондай әрекетке барады дегенге келіспеймін, - деді.

Видео: Vesti.kz


Abai.kz

0 пікір