Сәрсенбі, 8 Мамыр 2024
Дода 4695 0 пікір 14 Шілде, 2014 сағат 11:25

АРГЕНТИНА-ГЕРМАНИЯ: ӘЛЕМЖЕЛІДЕГІ ӘҢГІМЕЛЕР

Сонымен, Бразилияда футболдан әлем чемпионаты аяқталды. Шешуші ойында Аргентина құрама командасымен кездескен Германия 1-0 есебімен жеңіске жетіп, Алтын кубоктың иегері атанды.  Қай-қашанда түрлі болжамдар мен қызу әңгіменің өзегі болып келген чемпионат бұл жолы әлеуметтік желілердегі басты тақырыпқа айналды. Ойын басталған күннен бергі жазбаларға кейін шолу жасай жатармыз, әзірше Аргентина-Германия құрама команадалары арасындағы бәскеге қатысты қазақстандық жанкүйерлердің көңіл-күйі әлемжеліде қалай көрініс тапқанын жария ете отырайық.

 

Айдос Сарым

Ал ағайын! Сағындырып-сарғайтып 4 жылда бір келетін футбол додасы өз мәресіне жетті! Әлемдегі миллиард адаммен бірге көрген ұлы тойымыз құтты болсын!
Германия сөзсіз жеңеді деп санаймын! Аргентина мықтап қарсыласса одан да бетер қуанамын!
Жақсы ойын болсын не де болса!

 

 

Dossym Zikiriya 

Дегенде Германия, Германия,

 Ішінде көп өзеннің сен дария!

Рейхстагқа ту тіккен Рахамдай,

Қақпаңды шаңдатар ма ди Мария!

Aidos Juqanuly 

Аргентинаны 3:1 есебімен бе, әлде 4:1 ғып жеңеміз бе? Осыны ойлап, басым қатып отыр. Қанат-ау, сен не дейсің? Тек әдеттегі жаттығу болмаса екен. Дені дұрыс қарсыласқа жарымадық. Нидерландыны өзіме тең көріп едім. Оған қайдан... Рахат досым 7 гол салған соң "көрмегенім сен болсын" деп қашып кетті. Қашып бара жатып, біз нокаут қылған Біразелді таптап өте шықты алды-артына қарамай. Орнына Рауан келді. Жалғыз Месси жарытпас. Чипсиге тойып алыпты. Жә, не болса да, қызық ойын болайын деп тұр.

Мұхтар Тайжан·

Үлкен финал жақындап келе жатыр, достар. Немістер Аргентинаны жеңеді ғой деймін, олар шынымен мықты. Ал мен Біраз Ел кеткеннен кейін енді Аргентинаның жанкүйер боламын))))

 

Жарқын Түсіпбекұлы 

1998 жылы ұйықтап қала беретінмін, 2002 жылы күндіз болатын ойындар. 11-сыныптағы диктант, бақылау, эмтихандар кедергі болды. 2006-жылы диплом алып, жатақханадан шығып абыр-сабыр болдық. 2010 жылы үйлендім, әйттім-бүйттім( :-))

Осы 2014 қой деймін ес білгелі көңіл бөліп көрген чемпионатым. Ерекше өтті!

Төлен Рамазанұлы 

Арғындарға қарсымын, неміс бауырларымды қолдаймын!

Gulshat Tussupova

Аргентинаға баягыдан жанкүйермин, бірақ Германия онай жау емес! Еңбегі зор, сыйламасқа амал жок!

Zhanat Esentaev

Дәл қазір · Алмания жеңбейди, Аргентина көнбейди. Латын американдыктар  Кубокты ешкімге бермейди.

Әміржан Қосанов

 Quiero ganar contra Argentina!)) Испанша Аргентина құрамасына сәттілік тілеген сиқым ғой... Айып етпеңіздер. Әсіресе, Дойчланд жақтастары))

Төлеубек Қадырмолла   

Аргентина үш гол соғады деп олимптегі қыздарды қуантып кеттім, Қыздар: "Батыр екенсіз" деді. Охраник қолымды алды....)))

Мурат Нурбаев

 Бала кезде бәріміз жаздыкүні көшеде азаннан қас қарайғанша ала допты тебуші едік. Әке-шешеміз шыбықпен үйге қуып келетін. Сол бірге доп тебетін достардың арасында көрші тұратын екі неміс бала болатын. Бірі шабуылды бастап, бүкіл көшенің балаларын "финттарымен" қапы қалдыратын Вова Шнайдер (түрі бүгінгі Томас Мюллерден аумайды) және екіншісі қорғаныста допты өткізбейтін Дима Хоффман (тура Матс Хуммельс) еді. Арнайы дайындықтары, спорт мектептерінде жаттықпаса да, доп тебуден бізге қарағанда шебер болатын. Кейін тоқсаныншы жылдары екеуі де ата-аналарымен бірге Германияға көшіп кетті. Енді бүгін өз құрамалары үшін жанкүйер болып, қуанып отырған шығар. Мен де бүгін солардың тілеулерін тілеймін.

Zhanbolat Mamay  

Жабылу церемониясы жаксы, дурыс отип жатыр. Бразилиялыктарга тан ан мен би оте коп. Бирак казакстандык, асиресе "сол жагалаулык" корермендер "менталитетин" ескермепти : операторлар кайта кайта елбасын корсетпейди екен!

Zhandos Baydilda  

Бразилия жерiнде Аргентина чемпион болса үлкен күнә, ал Латын Америкасында еуропалық команда чемпион атанса, үлкен жаңалық! Үлкен жаңалық күтеміз, онсыз да Бразилия халқына оңай тиiп жатқан жоқ (морально да, социально да)

Ажар Сағатпекова

Мына шумақтарды кім шығарғанын білмеймін. Бірақ, әдемі айтылыпты)

Ван Персидың гол салғаны,

әдемі.

Сколаридың жылағаны ,

әдемі.

Роббен браттын құлағаны,

әдемі.

Мексиканын тренерінін , айқайлап

Жүгіріп жүріп қуанғаны ,

әдемі

Фелайнидын шаш үлгісіне қарағанда

РОНАЛДУДЫН шаш үлгісі

әдемі.

 

 

Kosak KZ

 1990-жылғы футболдан Италияда өткен әлем чемпионатының финалы ұмтылмастай есте қалған. Финалды қаладан алыста, бұрғылау бригадасының вагонында тұрған ақ-қара ТВ-дан көретін болдық. Басталған соң бір моторист жігіт, футболдың нағыз фанаты тығылып келіп көріп жүрді. Себебі, кешкі аусымда жұмыста, бұрғылау басында болуы тиіс. Содан бұрғылау шебері әлгі жігітті көріп қалып, қуып жібергені сол екен, бұрғылау басына барды да, істеп тұрған жарық беретін дизелді өшіріп тастады. Ерегіскен түрі бастығына, "май-суын қарауым керек" деп, қосуға асықпайды, содан "әке-көкелеп" жүріп, екінші таймда әрең қосып алғанбыз. Сонда ойнаған командалар Германия мен Аргентина еді, германдар 1-0 есебімен Бременің екінші таймның соңында соққан добының арқасында жеңіп кеткен. Содан бері осы Германия құрама командасының жанкүйерімін. Бүгін де Германия командасы жеңіп, өзінің төртінші жеңісіне қол жеткізеді деп ойлап отырмын.

Өміржан Әбдіқалықұлы

Әулие Макстың болжамы: екі команданың бірі міндетті түрде жеңеді.:)))))

Есей Жеңісұлы

Ал айналайындар, байқағанымды жазайын.
Біз - жанкүйер емес ел екенбіз. Жанкүйерлігіміз - ірі турнирлерде ғана. "Е-е, мына бала қатысып жатыр екен ғой, жеңетін сияқты ма? Жұрт не дейді екен ол туралы? Өткен жарыста жеңді деді ме?" - осының айналасы. Немесе. "Аргентинада - Месси бар. Онда о команда сөзсіз мықты!" Немесе. "Мәссаған, Криштиануы бар Португалия неге жеңіліп қалды-ей?!"
Жанкүйер елдің интеллекті жоғары болатынына көзім жетті. Өйткені, білікті жанкүйер әр спортшының сол табысқа қалай жеткенін, қандай жігер жұмсағанын, неше рет жылағанын, торыққанын, қандай "тар жол, тайғақ кешулерден" өткенін жақсы біледі, сезінеді, құрметтейді. Командалардың тактикалық ерекшеліктеріне назар аударады, соны анықтауға ақыл жұмсайды. "Опорник" кім, "хавбек" кім, "инсайд" кім, "жалғастырушы" кім, "шабуылшы" кім - шемішкеше шағады. Спорттағы заңдылықтарға назар аударады, сөйтіп, жеңімпаздың қандай дәстүрді сақтай отырып жеңгеніне іштей көз жеткізеді.
Спортқа жанкүйер болған, ары қарай статист болып кеткенін өзі байқамай қалған жан аналитик болуға бейім. Қай салада да. Сөйтейікші.
Мықты жанкүйер болайықшы.

P.S. 1954 жылы - Германия алғаш рет футболдан әлем чемпионы болып, Алтын кубокты иеленген болатын. Германия құрамасы сол жылы УЕФА мүшесі атанды.

Неміс құрама командасы  осымен әлемнің төрт дүркін чемпионы атағын жеңп алды: 1954, 1974, 1990 жылдары  және 2014 жылы 13 шілдеде  4 рет әлем чемпионы атанды. 

12 шілде күні Германия құрамасының бас бапкері  Йоахим Левтің құрама тізгінін қолына алғанына 8 жыл толды! Енді бірер күннен соң Германия канцлері Ангела Меркель 60 жасқа толады. Йоахим Левтің шәкірттері Меркельдің мерейін үстем етіп оған Алтын кубокты тарту етті.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1691
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1645
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1377
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1310