Сейсенбі, 7 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3492 0 пікір 14 Шілде, 2014 сағат 14:59

Ертең "Аңыз адамның" әкімшілік соты өтеді

"АҢЫЗ АДАМ"-ға байланысты әкімшілік сот 15 шілде (сейсенбі) сағат 15.00-де Алматы қалалық Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында өтеді.

Естеріңізде болса, мамыр айында Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты «Жұлдыздар отбасы-Аңыз адам» журналына ҚР «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заңның 15 бабының 1 тармағының 8 тармақшасын бұзған деген кінә тағып,  ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңның 350 бабының 1 тармағына сай  20 айлық есептік  көрсеткіш, яғни 222 мың 240 теңге (шамамен 1200 АҚШ доллары) көлемінде айып салған. Ал маусым айында  Алмалы аудандық соты  Жарылқап Қалыбайға арызданған "ардагерлерге" 13 миллион теңге төлем төлеуді міндеттеген. Енді, міне қайтадан Әкімшілік сотқа шақырып отыр. 

Былайғы жұрттың пікірінше, сот журнал редакторын Гитлерге орын бергені үшін емес, соған байланысты Ресей жіберген Нотаға "жауап" ретінде "соттап" отыр. 

Ертеңгі сот Алматы қаласы, Марков көшесі 34-те өтеді(Тимирязев көшесінен төмен). 

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1632
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1554
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1294
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1253