Дүйсенбі, 5 Желтоқсан 2022
Қоғам 8584 0 пікір 16 Шілде, 2014 сағат 11:43

ОРАЛМАНДАРҒА ЕСІК АШЫЛДЫ

Кеше Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова ханым жақсы жаңалығымен бөлісті.  Ендігі жерде Атажұртына оралған ағайындар Қазақстанның кез келген өңіріне қоныстанып, «Оралман» мәртебесіне қол жеткізе алады. Естеріңізде болса, биыл көктемде Үкімет қабылдаған №248 қаулы бойынша оралмандар тек Қазақстанның 7 облысына ғана қоныстануға құқылы болатын. Олар негізінен солтүстік облыстар еді.

Ал, осы 8 шілдеде қабылданған №783 Үкімет қаулысы бойынша оралмандар Алматы және Астана қалаларынан тыс Қазақстанның кез келген аймағына орын тебе алады.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің басқарма басшысы Марат Тоқсанбаевтың айтуынша, қандастарымыз қазіргі мүмкіндікті пайдаланып, «Оралман» куәлігін алып, сол арқылы «Ықтияр хатқа» қол жеткізе тұрса, күзге қарай оларға азаматтық беру мәселесі оң шешімін табады. 

Бұл деген сөз Қазақстанның қай түкпіріне барсада оралмандарға есік ашық деген сөз. Айталық, Алматы облысына қоныстанып, құжат мәселесін реттей алмаған 100-ге жуық отбасы енді кері қайтпайды. 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Қандастар қазаққа, Қазақстанға не берді?

Райыс Әріпжанұлы 2391
Алашорда

Түркілік тек және түркі-моғол бірлігі

Жәди Шәкенұлы 1267
Қауіп еткеннен айтамын

Газдың геосаяси «геморройы»

Әміржан Қосан 1521