Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Жаңалықтар 5091 0 пікір 7 Тамыз, 2014 сағат 11:17

Путин Батыс елдерінен тауар импорттауға тыйым салды

 Ресей президенті Владимир Путин Ресейге қарсы санкция салған елдерден азық-түлік пен ауыл шаруашылығы өнімдерін импорттауға тыйым салатын жарлық шығарды. Құжат бойынша, импортқа тыйым бір жыл мерзімге салынған. Азаттық радиосының хабарлағанындай Путин үкіметке тыйым салуға жататын тауарлардың тізімін жасауды тапсырды.

5 тамыз күні Ресей президенті үкімет биліктің батыс елдерінің санкциясына қарсы жауап шараларының тұтынушыларға кері әсер етуіне жол бермеу қажет деген. Естеріңізде болса, Мәскеу бұған дейін Украина, Молдова және Еуропа Одағына мүше бірнеше елден бірқатар тауарды тасымалдауды шектеген.

Абай-ақпарат

0 пікір