Сәрсенбі, 15 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3581 0 пікір 12 Тамыз, 2014 сағат 12:25

Әблязовтің бұрынғы оққағары Испаниядан саяси пана сұрады

Әблязовтің бұрынғы оққағары Испаниядан саяси пана сұрады

БТА-банкінің бұрынғы басшысы Мұхтар Әблязовтың күзет қызметінің бұрынғы бастығы Александр Павлов Испаниядан саяси пана сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. 

Павловқа саяси пана ұсынуға қатысты мәселелерге бірнеше ай уақыт кетуі мүмкін. AI испан бөлімшесінің өкілі Луис Гоместің айтуынша, Әблязовтің бұрынғы оққағары Испаниядан саяси пана ғана емес, жұмыс та тапқысы келеді. Сонымен бірге, күзет қызметінің экс-басшысы әлі күнге дейін Қазақстанда отырған отбасын өз жанына көшіріп алуды қалайды екен.

Испан соты өткен жылдың шілде айында Қазақстан билігінің Павловты қайтару туралы талабын қанағаттандыруды ұйғарған болатын. Павлов Испанияға 2012 жылдың желтоқсанында келген. Ал 2014 жылдың ақпан айында соттың шешімін Испания үкіметі мақұлдады. БТА банкінен 22,5 млн евро несиені заңсыз алды және бірнеше террорлық әрекет пен қаржылық қылмысты жасауға әрекеттенді деп айыпталып отырған Павлов Әблязовтің сенімді өкілі және күзет қызметінің бастығы ретінде белгілі. 

Еске сала кетейік, БТА банкінің экс-басшысы 2013 жылдың шілде айында Францияда тұтқындалды. 

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2023
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2438
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2024
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1587