Сәрсенбі, 15 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3718 0 пікір 12 Тамыз, 2014 сағат 12:29

Елордалық полицейлер ағылшын тілін меңгеріп жатыр

 Астаналық 160 полицей халықаралық EXPO көрмесі қарсаңында ағылшын тілін меңгеріп жатыр, деп хабарлайды Bnews.kz.

Өткен айдың басынан бері ҚР Ішкі істер департаментінде аптасына 3 рет өтетін арнайы сабақ ашылған. Бұл шара елордалық тәртіп сақшылары елімізге келетін қонақтардың барлық сұрақтарына жауап беріп, қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ұйымдастырылды. Ведомство жетекшілері полицейлердің тіл білімі имиджді көтеруге септігін тигізеді дейді. Сабақ 4 ай бойы жүреді. 

«Курстар аяқталған соң, полицейлер емтихан тапсырады. Қолдарына сертификат алады. Ағылшын тілін жаңадан үйреніп жатқандар үшін берілетін тапсырма көлемі көбірек болады. Сонда олар елордамызға келген қонақтардың барлық сұрақтарына жауап беретін болады», - дейді қалалық ІІД кадрлық жұмыс басқармасы басшысының орынбасары Рустам Қалин. 

Абай-ақпарат

 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2039
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2471
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2054
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1595