Сәрсенбі, 15 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3497 0 пікір 12 Тамыз, 2014 сағат 12:31

АҚШ Ирактағы күрдтерге қару-жарақ бере бастады

48811_original

АҚШ Ирактың солтүстігіндегі күрдтерге исламшыл содырлармен соғысуына көмектесу үшін тікелей қару-жарақ жеткізе бастады деп хабарлады 11 тамыз күні аты-жөнін айтуды қаламаған америкалық шенеуніктер. Олардың сөзінше, әзірге тек автоматты винтовкалар мен оқ-дәрілер ғана жеткізіліп жатыр. Азаттық радиосының жазуынша АҚШ өкілі қару-жарақты Орталық барлау басқармасы (ЦРУ) жеткізіп жатқанын, бірақ таяуда қорғаныс министрлігі де күрдтерді қаруландыра бастауы мүмкін екенін айтқан.

Күрдістанның астанасы Эрбиль қаласы маңында күрд қарулы тобы - “Пешмерга” жасақтары “Ислам мемлекеті” ұйымының содырларына қарсы күресіп жатыр. АҚШ қарулы исламшыл радикалдардың позицияларына әуеден соққы берген соң 10 тамыз күні күрд жасақтары Ирактың солтүстігіндегі екі қаланы бақылауына алған.

Абай-ақпарат

 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2029
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2459
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2040
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1590