Жұма, 26 Сәуір 2024
Қоғам 12372 0 пікір 13 Тамыз, 2014 сағат 13:19

ӘСЕТ ИСЕКЕШЕВКЕ АШЫҚ ХАТ

ҚР  Инвестициялар және даму  министрі

Ә. Ө. Исекешев мырзаға.

Ашық хат.

Құрметті Әсет Өрентайұлы!

  Осы ашық хатты  Сізге арнап жазуға мына сұмдық  қалыптасқан жағдай  себеп болды. «Время»  газетінің  2014 жылдың   9-шы тамызында  белгілі қазақстандық журналист қарындасымыз  Мадина Айымбетованың «Зачем  вы, мальчики? Кто-то пытается  приклеит  к Казахстану  ярлык  второго  Таиланда.  Статья  в индийском  интернет-издании, назвавшая  нашу страну  новым  центром мирового  секс-туризма, стала поводом для разбирательства на дипломатическом уровне. Бангкок –это прошлое. Индийские мужчины  теперь  толпами  стекаются  в Казахстан.»- атты намысты қазақтардың  жанын түршіктіретін жан айқай  мақаласы мен менің  2014 жылдың 18 наурызында  ««Қазақ еліне  лас туризмді  әкелмеу туралы  « Ұлы Дала Қырандары»  республикалық  қоғамдық  әлеуметтік –мәдени  қозғалысының  өз  Үкіметімізге  жолдаған  ҮНДЕУІМЕ»  тиісті мемлекеттік  мекемелердің, оның ішінде Сіздің министрлікке қарайтын  туризм  комитетіндегі шенеуніктердің тарапынан   жауап болмай, немқұрайлылық танытулары  нақты себеп болып отыр.   Бұл  Үндеу хатты  ҚР Премьер Министрінің  Кеңсесі  2014 жылдың  18 наурызында қабылдап алған.  Хаттың  номері  461-217.  2014 жылдың 18 наурызы. Содан бері бұл хатқа  ешқандай   жауап жоқ. Ал,  Туған Отанымыз – Қазақстан Республикасындағы туризм – лас туризмге айналып,  ұлттың қасіретіне, қайғысына айналып,  біздің  елді  әлемге масқаралауда.   Аталарымыз: -«Мешкеу деген жаман ат»  десе, мынау ярлык тіпті онан  миллион есе  сұмдық клеймо болып тұр. Осыны түсінетін  сәт келді.

Орыстарда мынадай  қанатты сөз бар:-«ИМИДЖ все, остальное ничто!».  Лас туризмнің арқасында бізге  өте  жаман лас  атау  таңылып отыр.  Бұны естігеннен, көргеннен өлген артық деп санаймын.   Біз бай елміз деп жар саламыз.  Бүкіл әлем мазақтап  секс туризмнің отаны  Қазақстан,  ал секс туризмнің астанасы – Алматы қаласы десе намысы бар қазақ  өлмегенде не істеу керек.  Әсет бауырым, әділін өзің айтшы неге біз осындай  күйге жеттік??? Дәл осы жағдайда байлық неге керек, барлық неге керек ? Ашығын айтайын осы жағдай мені  қатты алаңдатып отыр.  Логикаға салсақ  секс-туризм   экономикасы нашар,  намысы тапталған, ар-ұяты аз  елде ғана орын алады емес пе? Бізде ұлтқа,  жастарға  жоғары адамгершілік рухта  тәлім-тәрбие беретін  идеология жоқ.  Оның орнын лас туризм  басып отыр.  Соның салдарынан  мемлекеттің имиджіне нұқсан келтіретін,  қазақ азаматтарының сағын сындырып, намысын  таптайтын келеңсіз  секс-туризм  ордасы деген  жаман атқа тап болып отырмыз. Бұдан қалай құтыламыз министр мырза? Түсінікті болу үшін   бұрын  Үкіметке жолдаған Үндеуімнің мәтінін сізге арнайы жіберіп отырмын.  Лас туризмді болдырмайтын  шараларды тез арада жүзеге асыру қажет.

***                                ***                             ***

        

                                                                                       «ҚР Үкіметінің Премьер–министрі

С.Н.Ахметов мырзаға!

 

«Қазақ еліне лас туризмді әкелмеу туралы  «Ұлы Дала Қырандары» республикалық қоғамдық әлеуметтік-мәдени қозғалысының өз Үкіметімізге жолдаған ҮНДЕУІ!».

(2014 жылдың 18 наурызында жолданған.)

 

                                         Құрметті, Серік Нығметұлы!

 Осы  Үндеуді  дайындап және жазып  Сізге жолдауға  еліміздегі туризмге  қатысты  қалыптасып келе жатқан кейбір келеңсіз  жағдайлар әбден  мәжбүрлеп отыр. Қазір   аталмыш салаға жауапты министрлік, оның департаменттері бар және  барлық деңгейдегі әкімдер мен  туристік мекемелер, бизнес құрылымдары  туризмді  дамытамыз деп  ала шапқын болып жүр.  Сөзсіз, экономикалық тұрғыдан алғанда, оның   тиімді екені, қазынаға  пайда әкелетіні де рас  дүние.   Оған дау жоқ. Біз бұл ұмтылысты қолдаймыз. Мәселе, Серік Нығметұлы,  туризмнің басқа  жағында болып тұр.

Мәселе, бізге қандай туризм керек?!  Болашақта  елімізге қандай туризм қазақ еліне келеді?! Егер де ұлтымыздың мыңжылдық салт – дәстүріне, менталитетіне, Ұлы даланың өркениетті мәдениеті мен мұсылмандық дініне зиян тигізбейтін, залал келтірмейтін, біздің ар – ожданымызды масқараламайтын болса, онда әңгіме басқаша. Біз, тағы қайталап айтамын тазалықты паш ететін  туризмді  екі қолымызды көтеріп, қолдаймыз.

Ал, тек қана пайда табуды, ақшаны, валютаны көздейтін,  біздің ұлттық менталитетімізге, салт – дәстүрімізге жат, біздің болашақ ұрпағымызды бұрыс жолға, арсыздыққа бастайтын «жын-ойнақ», «лас  туризмге»   түбегейлі  қарсымыз. Біз, «лас туризм» деп «гей-турларды», «гей-отельдерд»і, «гейша клубтарды», жезөкшелерді, наркомандарды, маскүнемдерді және бір жыныстылықтарды дәріптейтін туризмді айтамыз. Оның алды, қазақ жеріне келіп те үлгерді. Мысалы, тек қана бір Алматының өзінде 20-дан аса гей-клубтар, 30-дан аса гейша-клубтар, 40тан астам күндіз-түні жұмыс істейтін жын – ойнақ, түнгі клубтар, борделдерге айналған сауна – хауыздар қаптап кетті. Бір сөзбен түйіндесек, арсыздық мәселелері  елімізде қатты  белең алуда. Осыны қалай тоқтатамыз? «Туризм, туризм, ақша, ақша» -деп жүріп, болашақта күлкімізді жия алмай қалып жүрмейміз бе? Осындай қасіреттерді басынан өткеріп отырған елдер мен мемлекеттер бар ғой. Олар кезінде осы жәйіттерді ескермей, бүгін сан соғып отыр. Соны біздің қасиетті жерімізде болдыртпауға атсалысып, алдын-ала  қажетті  іс-шараларды жүзеге бірлесіп  асырайық. Осы тұрғысында Сіз басқаратын  Үкіметтің тарапынан ойластырылған үлкен мемлекеттік бағдарлама қабылданса, өте дұрыс болар еді. Әйтпесе, біз, арсыздық жайлаған елге айналып кету қауібіміз бар.

Біз бұны Сізге осындай үлкен қауіптің алдын алайық, деген ниетпен жолдап отырмыз. Осы жөнінде Сіздің  тапсырмаңыздың аясында ,  тиісті министрлік зиялы қауымның қатысуымен  “дөңгелек үстел”  негізінде  үлкен  мәжіліс өткізуі керек деп есептейміз.Бұл бас қосу жиынының тақырыбы: «Бізге қандай туризм керек?!». Біз сонда ұсыныстарымыз бен пікірлерімізді толық  жеткіземіз». Сіздерден нақты жауап тосамыз.

***                             ***                             ***

 

Құрметпен,

«Ұлы Дала Қырандары» республикалық қоғамдық әлеуметтік – мәдени қозғалысының тең төрағасы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, жазушы

Сәдібек Түгел

Abai.kz

0 пікір