Бейсенбі, 9 Мамыр 2024
Жаңалықтар 9633 0 пікір 19 Тамыз, 2014 сағат 00:15

Қазақстандағы жалақы көлемі жарияланды

Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің төрағасы Әлихан Смайылов халықтың табысы туралы мәліметтерді жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

2014 жылдың маусым айында бір жұмысшының орташа айлық атаулы жалақысы 124 мың 780 теңге болды, бұл өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда, 13,5%-ға көп.

"Астанада, мысалы, ол - 182 мың теңге, Алматыда - 158 мың. Жоғары жалақы Маңғыстау (222 мың теңге), Атырау (221 мың теңге) облыстарында да қалыптасып отыр. Өндіруші салалар болғандықтан, орташа айлық жалақының жоғарылығы таңданарлық жайт емес", - деген Әлихан Смайылов Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде брифингте.

Статистика комитеті басшысының айтуынша, Солтүстік Қазақстан облысында орташа айлық жалақы мөлшері - 85 мың теңге, Қостанай облысында - 92 мың теңге, Алматы облысында - 94 мың теңге, Жамбыл облысында - 85 мың теңге. "Ауыл шаруашылығы өндірісі басым өңірлерде, жалақы мөлшері ел бойынша орташа деңгейден айтарлықтай төмен"

Ресми мәлімет бойынша, 2014 жылдың маусым айында Қазақстанда жұмыссыздардың саны 463,4 мың адам болды. Жұмыссыздық деңгейі 5,1%-ға тең. Еңбекпен қамту органдарына жұмыссыз ретінде тіркелгендердің саны 2014 жылдың маусым айының соңында 59,2 мың адам немесе халықтың экономикалық белсенді бөлігіне қарағанда, 0,6% болды. Жасырын жұмыссыздық деңгейі халықтың экономикалық белсенді бөлігінің 0,3%-ына тең.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1794
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1785
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1502
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1400