Сейсенбі, 30 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4909 0 пікір 20 Тамыз, 2014 сағат 16:48

Мәскеу төріне Украина туы тігілді

Украина туы ілініп тұрған ғимарат. Мәскеу, 20 тамыз 2014 жыл.

Мәскеугедегі Иосиф Сталиннің билігі заманында 1947-1953 жылдары салынған, қаладағы басқа үйлерден оқшау көрініп тұрған жеті ғимараттың бірінің төбесіндегі жұлдызшаны белгісіз біреулер түн жамылып Украина туы түсіне бояп кетіпті. Бұл туралы Азаттық радиосы жазды. Котельнический жағалауындағы ғимараттың төбесіндегі жұлдызшаның түсі өзгергенін тұрғындар таңғы әбігер кезінде   байқаған. 176 метрлік биіктен қорықпаған белсенділер түнде үйдің ұшар басына шығып, ондағы орақ пен балға бейнеленген жұлдызшаны Украина туының түсіне (көк пен сары түске) бояп, басына тіпті Украина туын іліп кеткен. 

View image on Twitter

Әйтсе де, ресейлік шенеуніктер бұл оқиғаға байланысты "бұзақылар" - альпинистік керек-жарақ арқалаған төрт адам тұтқындалғанын хабарлапты.

Абай-ақпарат

0 пікір