Сейсенбі, 14 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3897 0 пікір 2 Қыркүйек, 2014 сағат 15:28

Елордада «Қазатомөнеркәсіп» спартакиадасы өтті

kazatomprom-stend

Елордада «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның XIV спартакиадасы өтті. Ауқымды шараның ашылу салтанаты «Астана Солар» зауыты аумағында орналасқан спорт кешенінде ұйымдастырылды.

Ал биылғы бәсекеде компанияға қарасты 25 кәсіпорынның құрамалары бақ сынады. Атап айтар болсақ, атомшы-спортшылар Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Ақмола, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарынан, сондай-ақ Алматы және Астана қаласынан келді.

Жалпы мұндай жарыстардың ұйымдастырылуы еліміздегі ірі компаниялардың бұқаралық спортқа баса көңіл бөліп отырғанын көрсетеді. Мысалға, бұл жолғы жарыс жолына спорттың 8 түрінен мыңнан астам спортшы шықты. Жарысқа қатысқандар мини-футбол, волейбол, баскетбол, жеңіл атлетика сияқты түрінен өз шеберлігін паш етті. Ал жарысқа қатысушылар екі топқа бөлінді. «ҮМЗ» АҚ, «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖСШ, «Волговгелогия» АҚ, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ сияқты 7 ірі кәсіпорын «А» тобындағы кубокты сарапқа салса, өз кезегінде шағын кәсіпорындар (15 команда) «В» тобы түсті. Көңіл толатын тұс, биылғы бәсекеден жас та, жасамыс та қалыс қалған жоқ. Жарыстарға жасы 19-ға жаңа толған жас спортшылар да, 63-тегі ардагер спортшылар да қатысты. Өз кезегінде осынау спартакиаданың төрешісі болған «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма Төрағасы Нұрлан Қаппаров, жарысты өткізудегі басты мақсат – компания қызметкерлерінің саламатты өмір салтын қалыптастыру екенін тілге тиек етті. Жарыс жалпы 5 күнге созылып, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау салтанатымен аяқталды. 

 

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1983
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2384
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1949
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1574