Сәрсенбі, 15 Мамыр 2024
Деп жатыр 12081 0 пікір 7 Қыркүйек, 2014 сағат 10:22

«КИРИЛЛГЕ ДЕЙІН ҚАЗАҚТА ЖАЗУ ДА, МЕМЛЕКЕТ ТЕ БОЛМАҒАН»

«Мына мақаланы оқып айтарға сөз таппай отырмын, - деп жазады Фейсбуктегі жеке парақшасында журналист Қанат Тілеухан. -  Егер орыстар Қазақстаннан үдере көшсе, неге даурығу керек? Олар Ресейге кетсе, өз атамекендеріне кетіп барады. Қазақстанда олардың құқығы тапталды деген не сөз? Орыс тілі мемлекеттік тілден жоғары тұр. Қай жерге барсаңыз да орыс тілінің пайдаланылатыны жасырын емес. Осы қазақтар өзге елдерден Қазақстанға оралса, ренжіп кетіп жатқан жоқ қой. Керісінше қуанып, елім деп еміреніп келеді. Ал, орыстар:"Ойбай, бізге күн бермеді"- деп көз жастарын көлдей етеді. Ресейдегілер болса, төмендегідей мақала жазады».

Қанаттың айтып отырған төмендегі мақаласы «Русские снова бегут из Казахстана» деп аталады. Яғни: «Орыстар Қазақстаннан тағы да қашып барады». Көшіп бара жатқан жоқ, қашып барады. Ресейдің  www.rosbalt.ru аталатын сайтында жарияланған әлгі мақалаға жалпы шолу жасасақ былай екен:

Кедендік одақ пен Еуразиялық одақтың (Ресей журналистері одақтың экономикалық одақ екендігін қасақана жазбайды) белсендісі болып табылатын Қазақстанда Ресейге қарсы адам таңқаларлық  әрекеттер байқалатын көрінеді.

Қазақстан алдымен Байқоңырға байланысты жаңаша талап қойыпты, содан кейін іле-шала Президент Назарбаев қазақ тілін латын тіліне көшіру жайында (бұл не сандырақ? Қазақ тілі латын тіліне қалай көшеді?-ред.) мәселе қозғапты (жақшаның ішінде редакция тарапынан мынандай анықтама бар: кирилл әріпін қолданғанға дейін қазақта жазу да, мемлекет те болмаған), содан кейін қолдан жасалған жергілікті ұлтшылдар президент әкімшілігінің пәрмен етуімен орыстілін жауып тастауға ұмтылыпты. Автор осы жайтты нақтылай түсу үшін Республикалық «Лад» славян қозғалысының төрағасы Максим Крамаренконы сөйлетеді. Крамаренко беті шімірікпестен: «ҚР Конституциясы бойынша орыс тілі «ресми тіл», бірақ оны ешкім іс жүзінде елеп-ескеріп жатқан жоқ», - дейді.

Енді «қашып жатырға» келейік. 2013 жылы Қазастаннан Ресейге мемлекеттік бағдарлама бойынша ерікті түрде (!) қоныс аударуға тілек білдіргендердің саны екі есеге артқан (в 2013 году количество русских, желающих уехать из Казахстана в Россию по госпрограмме добровольного переселения, увеличилось в два (!) раза).
РФ-ның Қазақстандағы елшілігінің консулдығындағы мемлекеттік бағадарлама бойынша отандастардың ерікті қоныс аударуымен жұмыс істейтін Уақытша жұмыс тобының жетекшісі Марина Пустэконың сөзіне қарағанда, Астанада 22 600 адам Уақытша жұмыс тобының қызметін ести сала хабарласқан көрінеді.

Пустэконың «Нурадам» порталындағы ақпаратына сүйенген мақала авторының байламына сенсек, орыстар балаларының тағдырына алаңдағандықтан үдере көшіп жатқанға ұқсайды.

Автор қазақстандық орыстардың аузымен Қазақстан тарихы бұрмаланып жазылуда, бүгінгі тарих жас ұрпаққа Ресейді халықтар түрмесі етіп көрсетуде, орыс халқын жау етуде дегенді айтады. Сондай-ақ, Қазақстандағы кеп Қырғызстанда да болып жатыр-мыс.   

Мақаланың толық нұсқасын мына сілтемеден оқи аласыздар: http://www.rosbalt.ru/exussr/2013/05/03/1123864.html)

P.S. Бұрын Ресей баспасөзінің тарапынан кетіп қалатын осындай кедір-бұдыр мақалаларды «арандатушылық пиғылда жазылған ісіп кеппе дүние ғой» дегенге саятынбыз. Бірақ, істің мәні «жел соқпай шөптің басы қимылдамайтындығын» аңғартты. Өткенде РФ президенті үлкен саяси жолсыздыққа салынып, «Қазақстанда бұрын мемлекет болмаған» деп еді, енді мына бір шовинистік бағыт ұстанған сайт ашықтан ашық: «кирилл әрпін қолданғанға дейін қазақ халында жазу да, мемлекет те болмаған» деп жаңғыра соғып отыр.

Қанаттікі, әрине жөн сөз: «Егер орыстар Қазақстаннан үдере көшсе, неге даурығу керек? Олар Ресейге кетсе, өз атамекендеріне кетіп барады». Оның үстіне, РФ-де  қазір отандастарын көшіріп алу жөнінде мемлекеттік бағдарлама бар. Өткен көктемде Путин тіпті: «Орыстілінде сөйлейтіндердің бәрі біздің отандастарымыз. Олардың қай-қайсысы да Ресейге көшіп келіп қоныстануына болады» деген еді. Сонда дейміз-ау, орыстар отандарына көшіп бар ма, әлде, қашып бара ма? Көшіп бара жатса, «қашып барады» деген қаңқу сөз кімге керек?

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2057
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2486
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2074
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1600