Сәрсенбі, 15 Мамыр 2024
Жаңалықтар 5080 0 пікір 8 Қыркүйек, 2014 сағат 12:01

Бүгін Жазушылар одағында Серік Қапшықбайұлының жыр кеші өтеді

Zhazushylar Odagy

Бүгін,  8-қыркүйек күні Қазақстан Жазушылар одағының Әдебиетшілер үйінде Қытай Халық Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстандағы халықаралық ақындар мүшәйрасының бірнеше рет жеңімпазы атанған ақын Серік Қапшықбайұлының 80 жылдық мерейтойына арналған «Айдан ары, күннен бері …» атты жыр кеші өтеді.

С.Қапшықбайұлы Қытай Халық Респбуликасында туып, 1956 жылы Шыңжаң институтының тіл-әдебиет факультетін тамамдаған. Еңбек жолын «Шыңжаң оқу-ағарту» журналында бастап, 1984 жылы «Тарбағатай» журналының бас редакторы болады. 1986 жылы «Жылдар арасында» атты таңдамалы өлеңдер жинағы үшін ҚХР Мемлекеттік сыйлығын алған.  1994 жылы атажұртқа қоныс аударған ақын бірнеше жыр жинақтары мен прозалық шығармалар жазды. Елімізде «Балдырған» журналында бөлім редакторы болып қызмет атқарды. Ол «Қазақстан Тәуелсіздігіне 10 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.

Ақынның бұған дейін «Тас», «Жылқы ішінде ала жүр», «Жоқ», «Күншығыс», «Жер басып жүргендер», «Бала» атты кітаптары жарық көрген. Қапшықбайұлының жыр кешіне әдебиеттегі үзеңгілестері мен ізбасар інілері, сондай-ақ белгілі өнер шеберлері қатысады. Келіңіздер, кештің қонағы болыңыздар.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2025
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2440
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2026
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1587