Сәрсенбі, 15 Мамыр 2024
Жаңалықтар 7630 0 пікір 9 Қыркүйек, 2014 сағат 12:58

ОҢТҮСТІКТЕ ЖАС АҚЫНДАР МҮШӘЙРАСЫ ӨТЕДІ

Оңтүстікте жас ақындар арасында облыстық мүшәйра өтеді. Бұл туралы бүгін облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Берік Құрманғали жергілікті БАҚ өкілдерімен өткізген баспасөз маслихатында мәлімдеді. Аталған кездесуде жылдың соңына дейін басқарманың өткізетін іс-шаралары таныстырылды. Онда облыстық жас ақындар арасында «Сен жанбасаң, лапылдап!» атты мүшәйра және «Оңтүстік Қазақстан» газетінің 90-жылдығы мен Алаштың арыстары Тұрар Рысқұлов пен Сұлтанбек Қожановтың 120-жылдығына орай шағын футболдан журналистер арасында  республикалық турнир өтетінін хабарлады басқарма басшысы.
Мүшәйраның ережелерімен таныстырған Берік Уали қатысушылар 14-29 жас аралықты құрау керектігін айтты. Байқау үш тақырып тұрғысында жеңімпаздарды анықтайды:
1) Тәуелсіздік – тірегім.
2) Оңтүстігім – жыр елім.
3) Еркін тақырып.
Сонымен қатар, сайысқа қатысушылардың өлеңдерін қабылдау бүгіннен басталып, 1-желтоқсанға дейін жалғасатындығын жеткізді. Ал қорытындысы 10-желтоқсан күні анықталып, бас жеңімпаздың өлеңдері «Тәуелсіздік күні» қарсаңында басылып шығарылады, деді басқарма басшысы.  Конкурста 1-орын, 2-орын, 3-орын алған қатысушыларды қомақты ақша және басқа да белсенді жас ақындарымызды ынталандыру сыйлықтары күтіп тұр. Аталған мүшәйраны «Жазушылар одағының» мүшелері Мархабат Байғұт, Ханбибі Есенқарақызы, Жанарбек Әшімжан және Қалқаман Сарин сынды елімізге танымал тұлғаларымыз сараптайтын болады. 
Сондай-ақ, ұйымдастырушылар шағын футболдан журналистер арасындағы республикалық турнир 27-ші қыркүйек күні өтетіндігін мәлімдеді. Аталған турнирге Астана, Алматы, Қызылорда және Тараз қалаларынан өтініштер түсті деді.  Бұдан бөлек, жыл соңына дейін 27 іс-шара өтеді, деп хабарлады баспасөз маслихатында Берік Құрманғали.  
 

ОҚО әкімі аппаратының баспасөз қызметі

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2029
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2464
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2043
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1590