Сәрсенбі, 15 Мамыр 2024
Масқара! 7523 0 пікір 9 Қыркүйек, 2014 сағат 15:37

ШЕКТЕН ШЫҚҚАН: "ШЕКАРАШЫЛАР КҮНІ"

Хат қоржынымызға Ақмола Облысының тұрғыны Тұрсын Абиловтен өтініш келіп түсті. Онда Степногорск қаласында Қазақстан тәуелсіздігіне кереғар іс-шаралардың белең алып бара жатқаны айтылып, жанайқайын жариялауды сұрапты. Біз автордың редакциямызға жазған хаты мен Степногорск қаласының әкімі М.Ш.Тақамбаевқа жазған хатын және тиісті суреттерді жариялап отырмыз.

Abai.kz

 

ABAI.KZ сайтына 

Үстіміздегі жылғы 28-мамырда Степногорск қаласында «Пограничное братство» Қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткізілген «Честь имеем» деген концертке байланысты қала әкімдігіне жолданған хатқа қала әкімінің орынбасары Э.Салықованың (орындаушы Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы И.Ковцур) берген жауабында  Қазақстанда ресми түрде бекітілген Шекарашылар күнінде (18-тамыз) арнайы іс-шара өткізу жоспарланғандығы айтылған. Алайда аталған күні Шекарашылардың құрметіне ешқандай шара өткізілген жоқ. Сонда әкімдіктің берген жауабы пайғамбар жасынан асқан мені алдау ма, әлде елімізде ресми аталған күнді сыйламау ма?

 

 

 

Степногорск қаласының   әкімі

М.Ш.Тақамбаевқа 

 

Құрметті Әкім мырза!

 

Жақында мектепте оқитын немерем: «Бізді солдаттардың тегін концертіне шақырды» деген соң ол қандай концерт, қашан, қайда болатынын білейін деп концерттің жарнамасын іздеп шықтым, жарнама қаланың бірнеше жеріне ілінген екен. Міне, мәселе осыдан басталды. «Пограничное братство» Қоғамдық бірлестігі ұйымдастыратын «Честь имеем» деген концерттің афишасында Келмеске кеткен Кеңес Одағының гербі, кеңес солдатының бас киімі салыныпты, тіпті ең сорақысы Қазақстан шекара әскерінің киіміне Кеңестік шекара әскерінің белгісін салып қойған. Осы жарнаманы мектептерге таратып, балаларды шақырыпты. Еліміздегі шекара күні нақты қашан аталатынын білу үшін интернетке жүгініп едім, мынадай ақпараттарды таптым: 

«Декретом Совнаркома 28 мая 1918 года была учреждена Пограничная охрана РСФСР. Правопреемником этих структур стала Федеральная пограничная служба России, созданная Указом Президента России 30 декабря 1993 года. В СССР День пограничных войск отмечался с 28 мая 1958 года и был установлен в связи с тем, что 28 мая 1918 года Декретом Совета народных комиссаров была учреждена Пограничная охрана границы РСФСР».

«День образования пограничных войск Республики Казахстан-праздник в Казахстане, отмечаемый ежегодно 18 августа. Праздник отмечается в честь подписанного 18 августа 1992 года Нурсултаном Назарбаевым Указа «Об образовании пограничных войск».

Сонымен 28-мамырда аталған концерті өтті. Жеңіс мемориалында өткен концерт жоғары деңгейде ұйымдастырылыпты. Түн ортасына дейін ән шырқалды. Шекара қызметінің бұрынғы солдаттары мерекені «Визит» Мейрамханасында жалғастырып, таң атқанша думандатқанын осы жерге жақын тұратын мен өз құлағыммен естідім. Масаң шекарашылардың берекесіз әрекеті мен бейәдеп сөздерін ашық терезеден анық естіп, көріп отырдым. 

Алаңда өткен іс-шараға бұрынғы шекарашылардан басқа Ауған соғысының ардагерлері, мәслихат депутаттары, тәртіп сақшылары, жергілікті телевидение қызметкерлері қатысып жүргенін көрдім. Егер ресми өткен мәдени шара болса, әкімшіліктен неге бір адам болмағанын түсінбедім. Ескерткіш алдында жасалған сахнаға Қазақстан шекара бағанасымен бірге Кеңес Одағының шекара бағаны қатар қойылыпты. Көрермендер арасында Ресей Федерациясының жалауын ұстап отырған адамдарды көрдік. Барлық рәсімдер тек қана орыс тілінде жүргізіліп, орысша әндер шырқалды.

Осы жазылғандарды көріп отырып, аталған шара отаншылдық пен патриотизмді дәріптеуге арналған деп айтуға мүлде келмейді. Елдің бірлігіне зиян келтіретін, Тәуелсіз Қазақстан Республикасының шекарасына менсінбеушілік туғызатын оқиға деп санаймыз. Сонымен қатар іс-шараны Елбасының ресми қаулысымен белгіленген күні ұйымдастырмай, бұрынғы Кеңес Одағы кезіндегі датада жасау көрсоқырлық па, әлде әдейі жасалған әрекет пе? Осы шараға рұқсат берген мемлекеттік мүдделі органдарға Елбасының Жарлығы көк тиын ба? Ел ішінде өтетін барлық саяси, мәдени шараларға тікелей жауап беретін Ішкі саясат бөлімі қайда қарап отыр?      

Шынын айтқанда бұл біріншіден:

Мектептерге таратып, маршрут автобустарына ілген афишаға Кеңес Одағы гербін салып, Кеңес шекаршысының белгісін тағу Империялық пиғылдан туындап отырған әрекет;

Екіншіден: Жас ұрпақты патриотизмге тәрбиелеуде әдейі адастырып, мемлекеттік рәміздер мен мен отандық құндылықтардан шатастыру;

Үшіншіден: Тәуелсіз Қазақстан Республикасының шекарасына менсінбеушілікпен қарап, бұрынғы Кеңестік кеңістікті аңсау;

Төртіншіден: Елбасы белгілеп берген арнайы күні бола тұра, Қазақстан Шекарашыларының ресми атрибуттары бола тұра Кеңестік шекара қызметінің күні, Кеңестік елтаңбаны салып, кеңестік шекараның атрибуттарын жарнамалау ел шекарасының бүтіндігіне нұқсан келтіріп, ел бірлігіне зиянын тигізеді деп санаймыз.

Халықаралық шара немесе Халықаралық жарыстар емес, Ел ішінде өткізіліп жатқан іс-шараға басқа елдің жалауын көтеру де елді сыйламауға жатады. Сонымен қатар барлық рәсімдердің тек қана отыс тілінде жүргізілуі Мемлекеттік тілді сыйламау болып табылады.

Түн ортасына дейін орысша өлең айтып, таңға дейін думандатқан солдаттар ұрпаққа қандай өнеге көрсетеді, шекара әскерінде қызмет еткендер төбелес пен арақ ішудің шебері дегенді көрсеткісі келе ме?, ВДВ (Әуе-десант әскері) әскерлерінің күні онсыз да жыл сайын көше мен кафелерді шу қылып, тойланып жатқан жоқ па?

Имандылыққа, ұлттық құндылықтарға арналған іс-шараларды түсіруге уақыт таппайтын немесе Ішкі саясат бөлімінің қатаң нұсқауымен жүретін Жергілікті телевидение осы концертті жақсылып түсіріп, ертеңінде 9-арнадан көрсетті. Сонда жергілікті жұрналистер Қазақстандағы шакарашылардың ресми күнін білмей ме, әлде олар да Кеңес шекарашылары күнін қолдай ма? Тұрғындар қоғамда болып жатқан барлық оқиғалардан телевидение арқылы хабардар болады, Ел қауіпсіздігі мен ұрпақты патриотизмге тәрбиелеуге нұқсан келтіретін осындай іс-шараларды теледидардан көрсетуді Конституцияның және Бұқаралық ақпарат құралдары туралы Заңның талаптарын бұза отырып, теріс насихат жүргізу деп санаймыз.      

Кез-келген мәдени-бұқаралық шараларды ұйымдастыруға тыйым салынбайды, бірақ осындай жағдайларда шараның мәні мен мақсатын біліп, өтетін барысын қадағалайтын Ішкі саясат бөлімінің іс-шаралардың ішкі астарын түсінуге қабілеті жетпей отыр. Әйтпесе, ұйымдастырушыларды шақырып, «ел бірлігін сақтау, ұлтаралық татулықты нығайту тұрғысында былай жасайық» деп тамаша ұйымдастырылған концертте елдің туын көтеріп, ел аралық татулықты насихаттап жіберуге әбден болатын еді.   

Осындай келеңсіздіктерге жол беріп, ел бірлігі мен шекара тұтастығына зиянын тигізетін, өскелең ұрпақты отаншылдық пен патриотизге тәрбиелеуде адасушылыққа бастайтын шараның өтуіне мүмкіндік берген тиісті органдардың негізгі қызметіне сай жұмыс атқарып жатқандығын, тіпті олардың қызметіне лайықты екендігін қайта қарау керек, сонымен қатар жоғарыда аталған шараны ұйымдастырған Қоғамдық бірлестіктің жұмысы да бақылауға алынуы тиіс.

Сондықтан осы хатта жазылғандарды мұқият қарап, тиісті шара қолдауды сұраймыз, егер нақты шара қолданбаса осы хатты Орталық атқарушы органдарға және Республикалық бұқаралық ақпарат құралдарына жолдаймыз.   

Тұрсын Абилов


 

Степногорск қаласы әкімінің орынбасары Э.Салықованың жауабы




Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2052
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2484
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2071
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1600