Сәрсенбі, 15 Мамыр 2024
Тамыр 8088 0 пікір 10 Қыркүйек, 2014 сағат 07:56

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНЫ БАСТАЛДЫ

Қырғызстанның Чолпан Ата қаласында дүниежүзілік көшпенділер ойыны басталды деп хабарлайды Халықаралық Түркі академиясының баспасөз қызметі. Салтанатты шараның ашылуына Қырғызстан Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаевпен бірге Қазақстан, Түркия, Әзербайжан, Ресей сынды бірқатар елден келген құрметті меймандар қатысуда.        Алғаш рет өтіп жатқан ауқымды шараға 20-ға жуық елден 400-ге тарта спортшы келді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, түркі әлемінің ортақ құндылықтарын әлемге паш етуге арналған шараға қызығушылар өте көп болған. Сондықтан түркі әлемімен шектелмей, көшпенділер әлемі ойыны деп атауға тура келген. Спортшылар қазақ күресі, қырғыз күресі, көкпар, салбұрын, аламан бәйге, жорға жарыс т.б ойын түрлерінен бақ сынайды. Халықаралық іргелі шара туралы БиБиСи, Әл-жазира, ТРТ АВАЗ сынды әлемнің көптеген белгілі ақпарат құралдары хабар таратпақ.
 Дүниежүзілік көшпенділер ойыны аясында «Nomad folk» атты фольклорлық фестиваль мен «Ethno Fashion» атты сән көрсетілімі де ұйымдастырылады.

             

Abai.kz

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2057
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2487
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2078
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1600