Жұма, 3 Мамыр 2024
Жанайқай 6448 0 пікір 7 Сәуір, 2014 сағат 09:09

ОРЫСТІЛДІ БАСЫЛЫМДАР Е.АРЫНДЫ АЙЫПТАУДА

Суретте: көрнекті ғалым, экс-әкім Е.М. Арынның жеке басын даттап, табалайтын фотоқұраулардың бірі.

ОРЫСТІЛДІ БАСЫЛЫМДАР Е.АРЫНДЫ СОТ ШЕШІМІНСІЗ АЙЫПТАУДА

Павлодар облысының «Версия», «Обозрение недели», «Наша жизнь» тәрізді  орыстілді тәуелсіз газеттері мен «Павлодарский городской портал» интернет басылымы Ерлан Арынның үстінен қозғалған қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталмай, сот шешімі шықпай жатып-ақ  Е. Арынды қылмыскер бейнесінде сипаттайтын материалдар мен оның ар-намысын қорлайтын аса тұрпайы әжуа суреттер жариялаған болатын.

Жергілікті ақындар, журналистер, ғалымдар, суретшілер, қоғам белсенділері, тіл жанашырлары  әлгіндей заң бұзушылыққа Елбасы тоқтау салады деген сеніммен Ашық хат жариялап, Қ.Бекқожиннің ескерткіші жанына жиылып наразылығын білдірді.

Бұған  «Версия» газеті (редакторы Ярослав Голышкин) жауап қайтарған сияқтанып, іле «Пожалейте Арына» атты хабар жариялады. Онда Ашық хат авторларын  қаржы полициясымен қорқыту ауаны  байқалды. Бұл жайт Е.М. Арынның үстінен көтерілген қылмыстық іс және оны қаралайтын жарияланымдар қандай да бір саяси топтың тапсырысының нәтижелері  деген пікірдің орныға түсуіне негіз болды. Дегенмен,   Қ. Бекхожиннің ескерткіші жанында қазақ зиялылары өткізген   наразылық шарасынан кейін әлгіндей әжуа суреттердің көбі порталдардан жойылып жіберілді.  Бірақ олардың көшірмелері мен газеттер  беттеріндегі суреттер қазақ журналистерінің қолында сақтаулы тұр.

Сот шешімінсіз күдіктіні жұртшылыққа қылмыскер кейпінде сипаттап  айыптауға   заңдық, моральдық тұрғыдан  жауапкершілік жүктелетінін керекулік орыстілді тәуелсіз басылымдар арасында тек бір басылым ғана аңғарған сияқты. Атап айтқанда, «Наша жизнь» Павлодар қоғамдық-саяси апталығының №13 санында (3-04.2014) газет тілшісі Джамиля Маричеваның  журналистика ардагері Жеңіс Мананбаевпен сұхбаты және  Павлодар облысы зиялы қауымы өкілдерінің Елбасына жазған Ашық хатының орыс тіліндегі аудармасы жарық көрді. «Ерлан Арын поплатился за свою доверчивость...» деген атпен жарияланған көлемді сұхбатта көрнекті ғалым, облыстың бұрынғы әкімінің қазіргі тағдыр-талайына қатысты  оқиғалар жөнінде қандай да бір сезім әуенінсіз әңгіме өрбіп, сындарлы сұрақтарға салиқалы жауаптар қайтарылған. «Наша жизнь» басылымының бұл санын  дүңгіршектерден сатып алушылар көп, таба алмай іздеп жүргендер де бар.

Арман ҚАНИ,

Павлодар.

abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 569
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 294
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 316
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 327