Сейсенбі, 30 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2693 0 пікір 28 Мамыр, 2009 сағат 20:18

Парламенттегi конференция елiмiз бен “еуропаға жол” тақырыбына арналды

Таяуда Астанада, Парламент үйiнде бiрқатар шет елдерден келген мәртебелi меймандар қатысқан “Қазiргi Қазақстан және “Еуропаға жол” тақырыбы бойынша халықаралық ғылыми-тәжiрибелiк конференция болды. Қазақстанның Еуропадағы қауiпсiздiк және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етудiң қарсаңында өтiп отырғаны бұл алқалы жиын халықаралық деңгейдегi маңызды шара екенi даусыз. Жиында Қазақстан Республикасының Президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың конференцияға қатысушыларға құттықтау сөзiн елiмiздiң Мемлекеттiк хатшысы Қанат Саудабаев жария еттi. Халықаралық ғылыми-тәжiрибелiк конференцияда Қазақстан Республикасының қазiргi кезде қол жеткiзген саяси, экономикалық, әлеуметтiк жетiстiктерi жан-жақты сараланып, жиында сөз алғандар елiмiздiң табыстары жоғары бағаланды.
Халықаралық конференцияда Парламент Сенатының Төрағасы, ЕҚЫҰ Парламенттiк Ассамблеясы төрағасының орынбасары Қасым-Жомарт Тоқаев “Қазiргi Қазақстан және “Еуропаға жол” халықаралық ғылыми-тәжiрибелiк конференцияда сөз сөйледi.
Жоғарғы палатаның төрағасы бұрынғы кеңестiк кеңiстiкте ғана емес, азиялық немесе батыс құрлықтағы елдерде ұқсасы жоқ, Қазақстандағы “Еуропаға жол” мемлекеттiк бағдарламасы туралы өз ойларын ортаға салды.

Таяуда Астанада, Парламент үйiнде бiрқатар шет елдерден келген мәртебелi меймандар қатысқан “Қазiргi Қазақстан және “Еуропаға жол” тақырыбы бойынша халықаралық ғылыми-тәжiрибелiк конференция болды. Қазақстанның Еуропадағы қауiпсiздiк және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етудiң қарсаңында өтiп отырғаны бұл алқалы жиын халықаралық деңгейдегi маңызды шара екенi даусыз. Жиында Қазақстан Республикасының Президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың конференцияға қатысушыларға құттықтау сөзiн елiмiздiң Мемлекеттiк хатшысы Қанат Саудабаев жария еттi. Халықаралық ғылыми-тәжiрибелiк конференцияда Қазақстан Республикасының қазiргi кезде қол жеткiзген саяси, экономикалық, әлеуметтiк жетiстiктерi жан-жақты сараланып, жиында сөз алғандар елiмiздiң табыстары жоғары бағаланды.
Халықаралық конференцияда Парламент Сенатының Төрағасы, ЕҚЫҰ Парламенттiк Ассамблеясы төрағасының орынбасары Қасым-Жомарт Тоқаев “Қазiргi Қазақстан және “Еуропаға жол” халықаралық ғылыми-тәжiрибелiк конференцияда сөз сөйледi.
Жоғарғы палатаның төрағасы бұрынғы кеңестiк кеңiстiкте ғана емес, азиялық немесе батыс құрлықтағы елдерде ұқсасы жоқ, Қазақстандағы “Еуропаға жол” мемлекеттiк бағдарламасы туралы өз ойларын ортаға салды.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, 1991 жылғы желтоқсанда мемлекет басшысын алғаш рет бүкiлхалықтық сайлаудан кейiн Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының келбетiн белгiлей келiп “Құрлық ортасында орналасқан ел Еуропа мен Азия арасындағы көпiр болуы тиiс” деп атап өткен болатын.
Бағдарламаның нақты тарихи негiзi бар екенiн айтқан ол “Еуропадағы қауiпсiздiк және ынтымақтастық ұйымына қатысушы бола отырып, Қазақстан Орталық Азиядағы басқа мемлекеттермен қатар Көне жарықтың саяси бедерiн шын мәнiнде өзгерттi”, – дедi.
“Еуропаға жол” мемлекеттiк бағдарламасын қабылдай отырып Қазақстан еуропалық өркениетке тән саяси, құқықтық, философиялық, моральдық құндылықтарды бiрте-бiрте қабылдауға бағдарланған өз стратегиясын жүзеге асыруға кiрiстi.
Сөйтiп, бағдарлама бiздiң еуропалық құндылықтарға қарай iлгерiлеуiмiздi көрсетiп отыр. Бұл жол жалпыға бiрдей қауiпсiздiк пен экономикалық өркендеуге апаратын “Азия-Еуропа” өркениет күре жолының бөлiгi болып табылады.
Бейнелеп айтқанда, бiз Азиядан Еуропаға жол салып жатырмыз, бұл өзара тиiмдi әрiптестiк негiзi ғана емес, саяси жүйелердiң, мәдениет пен моральдық-этикалық құндылықтардың жақындасуының басталуы.
– Сонымен бiрге, – дедi төраға, Қазақстан Еуропаға ұмтыла отырып өзiнiң ұлттық және мәдени ерекшелiктерiнен де бас тартпайды. Бiрақ бiздiң түсiнiгiмiздегi еуропалық құндылықтар жалпыға бiрдей ерекшелiгi бар және сондықтан тартылыс күшке ие өркениет жетiстiктерi болып табылады. Басқа мемлекеттерге оң ықпал ете алатын аймаққа айналардың алдында Еуропа ұзақ та күрделi жолдан өттi. Саяси институттардың қызметi, iшкi және мемлекеттер арасындағы қажеттi консенсусқа қол жеткiзе алу, заң үстемдiгi қағидаларының өзгермейтiнi, еуропалық әлеуметтiк үлгi, адам құқы жөнiндегi жоғары стандарттарға айнымастық пен қоршаған ортаны қорғау саласындағы даусыз жетекшiлiк Еуроодақты көптеген мемлекеттер үшiн құнды әрiптес етiп отыр.
Қ.Тоқаевтың айтуынша, Еуропалық Одақпен өзара тиiмдi әрiптестiктi дамыту — әлемдегi геосаяси орталықтарының бiрi — Қазақстанның сыртқы саяси стратегиясында ерекше орын алады. Қазақстан Еуропалық одақпен Орталық Азия арасындағы жаңа әрiптестiк Стратегиясын қабылдаудың бастамашысы болып отыр.
Орталық Азия аймағы ЕО үшiн оны энергоресурстармен қамтамасыз ету тұрғысында ғана ұзақ мерзiмдiк маңызы бар деуге болмас. Бұл маңызды, бiрақ шын мәнiндегi көп қырлы ынтымақтастықтың жалғыз ғана саласы емес. Қазiргi геосаяси жағдайда бiздiң аймақ еуразиялық құрлықтағы тұрақтылық пен қауiпсiздiктi қолдауда айрықша маңызы бар екенiн естен шығармауымыз керек.
Қазақстан Еуроодақтың Орталық Азиядағы негiзгi сауда және инвестициялық әрiптесi болып отыр. Екiншi жағынан, ЕО Қазақстанның ең iрi сауда iрiптесi болып табылады, 2008 жылы оның көлемi 39 миллиард долларды құрады, яғни елдiң барлық сыртқы саудасының 40 пайызы болады.
Еуроодақ елдерi бiздiң елiмiздiң экономикасына 40 миллиард долларға жуық тiкелей инвестиция әкелдi, ол Қазақстанға келген шетелдiк тiкелей инвестициялардың жалпы көлемiнiң жартысынан астамын құрайды. Дегенмен осы инвестицияның көп бөлiгi отын-энергетика кешенiне салынды. Көлiк, жаңа технологиялар, таза энергетика саласындағы iске қосылмаған резервтер бар екенi айтылуға тиiс. Бiздiң елiмiз үшiн еуропалық инвестицияны ғылыми ауқымды және өнеркәсiптiң инновациялық салаларына шоғырландыру маңызды. Елiмiздi индустриялық-технологиялық дамудың президенттiк жаңа бағдарламасын жүзеге асыруда Еуроодақ Қазақстанның пайдалы әрiптесi бола алады.
“Еуропаға жол” бағдарламасының ережелерiне тоқтала келiп төраға оның батыл сипатын және ынтымақтастықтың ең маңызды мiндеттерiн шешудi мақсат еткенiн айтты. Ол — сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту, көлiк-коммуникациялық байланыс, энергетика және ресурс жинақтау салаларында өзара тиiмдi жобаларды жүзеге асыруды мақсат етедi. Еуропалық тәжiрибенi ескере отырып Қазақстанның құқықтық жүйесi мен қоғамдық-саяси институттарды жетiлдiру мен одан әрi дамыту бағдарламаның маңызды бөлiгi болып табылады. Мемлекеттiк қызмет реформасына және билiк құрылымдарындағы сыбайлас жемқорлықпен күреске баса назар аударылып отыр. Қазақстан үшiн бiлiм берудiң сапасын арттыру, кiшi және орта бизнестi дамытуға Еуроодақтың жәрдемдесуi маңызды.
Қ.Тоқаевтың айтуынша, экономикалық ынтымақтастықтан басқа күн тәртiбiнде - жаһанданудың жаңа жағдайында еуропа құрлығында қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң және көпқырлы дүниенi бекiтудiң жаңа теңдеуiн бiрлесе iздеу тұрғанын атап өттi.
Мұнда Қазақстанның бастамасы бойынша және тiкелей қатысуымен тұрғызылған сыртқы саяси “тiреулердiң” елеулi рөлi бар. Ол Азиядағы өзара сенiм және iс-шаралар жөнiндегi кеңес, Әлем және дәстүрлi дiндер лидерлерiнiң съездерi, мұсылман әлемi мен Батыс арасындағы үнқатысу. Ядролық қаруды және тиiсiнше технологияларды таратпау жөнiндегi Қазақстанның жетекшi рөлi — ерекше есепте тұрады.
ЕҚЫҰ-на 2010 жылы төрағалық ету қарсаңында Қ.Тоқаев Қазақстан алдағы төрағалықты осы ұйымға қатысушы елдердiң қауiпсiздiктi қамтамасыз ету, экономикалық ынтымақтастық, гуманитарлық байланыстарды дамыту мен демократиялық құндылықтарды нығайтудағы кең ауқымды мәселелерiндегi өзара iс-қимылға “жаңа тыныс” берудiң жаңа мүмкiндiгi ретiнде қарастыратынын атап өттi.
Жалпы еуропалық ынтымақтастықты iлгерiлетудiң маңыздылығын атап өте келiп Қ.Тоқаев “Еуропаға Қазақстанның жолы теңдесi жоқ, әлемдiк дипломатия тарихында ұқсасы болмаған бағдарлама. Әңгiме iрi еуразиялық мемлекеттiң жалпы еуропалық өркениет кеңiстiгiне бiрте-бiрте кiруi туралы болып отыр. Бұл стратегиялық бағыт Қазақстанның ұзақ мерзiмдiк ұлттық мүдделерiне толық сәйкес келедi”, – дедi.
Конференцияда елiмiздiң дамуы туралы сындарлы ой-пiкiрлер айтылып, Қазақстанның өркендеу қарқынына жоғары баға берiлдi. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қоғам дамуы мен экономикалық үдерiстердi үйлестiре отырып, елiмiздi өркендетудiң сара жолын дәл айқындауы және саяси-экономикалық реформаларды тиiсiнше жүзеге асырып келе жатқаны аталып өтiлдi.
Конференцияда Парламент Мәжiлiсiнiң Төрағасы Орал Мұхамеджанов, Еуропа Кеңесi Парламенттiк Ассамблеясының вице-президентi, оның халықаралық қатынастар жөнiндегi кiшi комитетiнiң төрағасы, Бельгия Сенатының депутаты, “Қазақстан-Бельгия” парламентаралық достық тобының мүшесi Пол Вилле, Литва Республикасы Сеймi төрағасының орынбасары Альгис Кашета, Француз Республикасы Ұлттық Ассамблеясының депутаты, ЕҚЫҰ Парламенттiк Ассамблеясындағы Франция Ұлттық Ассамблеясы делегациясының басшысы Мишель Вуазен, Грекия Республикасы Парламентiнiң депутаты, “Грекия-Қазақстан” ынтымақтастық тобының мүшесi Вирон Полидорас, ТМД Парламентаралық Ассамблеясы Кеңесiнiң бас хатшысы Михаил Кротов, Түркия Ұлы Ұлттық Жиналысының депутаты, “Түркия-Қазақстан” ынтымақтастық тобының төрағасы Мехмет Чичек сөз сөйледi. Халықаралық жиынға қатысушылар елiмiздiң қазiргi замандағы даму деңгейiн жоғары бағалай отырып, әлем қоғамдастығы алдында тұрған ауқымды мiндеттер туралы ойларын ортаға салды.

 

 

Серiк ҚАРАЖАН, Қазақстан Журналистер одағының мүшесi
«Түркістан» газеті 28 мамыр 2009 жыл

0 пікір