Сәрсенбі, 15 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3930 0 пікір 22 Сәуір, 2014 сағат 10:32

КЕМЕ ҚҰРБАНДАРЫ 92 АДАМҒА ЖЕТТІ

Оңтүстік Кореялық 16 сәуірде суға батқан кеме құрбандары 92 адамға жетті деп хабарлайды қытайлық Син Хуа агенттігі. Естеріңізге сала кетсек Чеджоу аралына саяқатқа бара жатқан Сеулдік 300 ден аса оқушылармен мұғалімдерді тасымалдаған кеме Оңтүстік Кореяның оңтүстік батыс жағалауында 16 сәуір күні апатқа ұшыраған болатын. Кемеде 459 жолаушы мен 27 экипаж мүшелері болған. Не себепті суға батқаны әлі анықталмаған кемеден 174 адам ғана құтқарылды, 215 адам із – түзсіз жоғалып кеткен. Төтенше жағдай кезінде жолаушыларды қашан және қалай эвакуациялау жайын шеше алмаған экипаж ісі дауға ілікті, Оңтүстік Корея президенті Пак Кын Хе экипаж әрекеті кісі өлтірумен тең деп айыптап та үлгерді. Құтқару жұмыстары әлі де жалғасуда.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2017
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2435
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2010
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1585